12.06.2009, 15:48 3261

Шетелдік инвесторлар бірлескен кәсіпорындар құру барысын оңайлату қажет деп санайды

Шетелдік инвесторлар бірлескен кәсіпорындар құру барысын оңайлату қажет деп санайды

Қостанай. 12 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Шетелдік инвесторлар бірлескен кәсіпорындар құру барысын оңайлату қажет деп санайды. Бұл туралы "Эксон Мобил" корпорациясының аға вице-президенті Марк Алберс Шетелдік инвесторлар кеңесінің 21-отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Бүгінгі жағдаймен Қазақстан үкіметі үшін шетелдік инвесторларға көмектесудің бірқатар тәсілдері бар. Біріншіден, сіздердің іс-әрекеттеріңізді жергілікті өнеркәсіпті дамытуға бағытталған өзара қызығушылық тудыратын мақсатты шешумен өзара үйлестіруге қол жеткізу қажет. Екіншіден, компаниялардың елге келіп өз бизнесін құруына жол ашатын процедураларды оңайлату, атап айтсақ, бірлескен кәсіпорындар құру процессін ретке келтіру", - деді М. Алберс.

"Үшіншіден, елдің бәсекеге қабілеттілігін кезең-кезеңмен тұрақты көтеру үшін кәсіби білікті мамандармен қамтамасыз ету үшін жергілікті инфрақұрылым құру бойынша инвесторлармен серіктестік орнату", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны