08.06.2009, 13:23 1962

Шетелдік инвесторлар кеңесінің алдағы мәжілісінде Қазақстан экономикасын баламалы қаржыландыру көздері жайлы талқыланады

Шетелдік инвесторлар кеңесінің алдағы мәжілісінде Қазақстан экономикасын баламалы қаржыландыру көздері жайлы талқыланады

Астана. 8 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Шетелдік инвесторлар кеңесінің алдағы мәжілісінде Қазақстан экономикасын баламалы қаржыландыру көздері жайлы талқыланады. Қостанай қаласында 12-маусым күні Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің 21-ші жалпы отырысы өтеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

Ірі өндіріс және инвестициялық компаниялар және мемлекеттік орган басшылары қатысатын іс-шараның негізгі тақырыбы: "Илемдік қаржы нарығындағы ахуалдың өзгерісі жағдайында Қазақстан экономикасын баламалы қаржыландыру көздері" жайлы болмақ.

Шетелдік инвесторлар кеңесіне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысады деп күтілуде. Сондай-ақ, Е.Ашықбаевтың хабарлауынша, шараға қатысатынын Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Томас Миров растады. Ол елімізге маусымның 10-13-күндері келеді.

Айта кетейік, 1998 жылы Елбасы жарлығымен құрылған аталмыш Кеңес Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік инвесторлармен тікелей сұхбат алаңын қамтамасыз ететін консультативтік-кеңестік орган. Ол инвестициялық әрекеттерге байланысты туындаған мәселелерді шұғыл шешу жолдарын қарастырады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны