06.06.2008, 14:15 1397

Шетелдік инвесторлар кеңесінің кезекті, 20-шы отырысы Алматыда 2008 жылдың 5 желтоқсанында өтеді - Назарбаев

Шетелдік инвесторлар кеңесінің кезекті, 20-шы отырысы Алматыда 2008 жылдың 5 желтоқсанында өтеді - Назарбаев

Атырау. 6 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Шетелдік инвесторлар кеңесінің кезекті, 20-шы отырысы Алматыда 2008 жылдың 5 желтоқсанында өтеді. Осындай шешімді бүгін Атырауда Қазақстан президентінің жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесі өзінің 19-шы жалпы отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысын мақұлдай отырып қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біз инвесторлар Қазақстанның түрлі өңірлері қалай дамып жатқанын көруі үшін отырыстарды түрлі қалаларда өткізуге шешім қабылданған. Ал қазір, егер басқа ұсыныстар болмаса, мен келесі отырысты 2008 жылдың 5 желтоқсанында Алматыда өткізуді ұсынамын", -деді Н. Назарбаев.

Оның айтуынша, шетелдік инвесторлар кеңесінің кезекті жалпы отырысында "қазақстандық үлесті" дамыту жайы талқыланады. "Бұл біздің сарапшыларымыз ұсынған тақырып, оны мен де қолдаймын", -деді президент.

Сонымен ібрге, Н. Назарбаевтың айтуынша, кеңестің кезекті отырысы аясында "2008 жылғы таңдауды шетелдік инвестор" байқауы өткізіледі. "Осындай алғашқы байқауды біз 2002 жылы өткіздік, ал қазір біз деңгейді көтеріп, оның танымалдығын арттырып, ең таңдаулыларды іріктейтін боламыз", - деді Н. Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны