05.12.2008, 16:17 2874

Шетелдік инвесторлар кеңесінің кезекті мәжілісі Қостанайда 2009 жылдың 12 маусымында өтеді (толық нұсқасы)

Шетелдік инвесторлар кеңесінің кезекті мәжілісі Қостанайда 2009 жылдың 12 маусымында өтеді (толық нұсқасы)

Алматы. 5 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Шетелдік инвесторлар кеңесінің кезекті мәжілісі Қостанайда 2009 жылдың 12 маусымында өтеді. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Шетелдік инвесторлар кеңесінің кезекті 20-шы мәжілісі барысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Оның айтуынша, "шетелдер жағы келесі жалпы отырыстың аясында мынадай тақырыпты талқылауды ұсынды : "Илемдік қаржы нарықтарындағы өзгермелі жағдайда Қазақстанның одан әрі экономикалық дамуы үшін баламалы қаржыландыру көздері".

Шетелдiк инвесторлар кеңесi Қазақстан Республикасы президентiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады. Кеңес Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатының негiзгi бағыттарын айқындау, еліміздегі инвестициялық ахуалды жақсарту, экономиканы әртараптандыру, өнеркәсiптiк секторды индустрияландыру, шағын және орта бизнестi дамыту үшiн қолайлы инвестициялық және құқықтық жағдайлар жасау, ел экономикасын әлемдiк экономикалық процестерге ықпалдастыру және тағы да басқа маңызды мақсаттарды жүзеге асыру үшін құрылған.

Кеңестiң құрамына Қазақстан Республикасынан премьер-министр, Ұлттық банк төрағасы, президент көмекшiсi, Сыртқы iстер министрi, Индустрия және сауда министрлігіндегі инвестициялар жөніндегі комитет төрағасы , Қаржы министрi, Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрi кіреді.

Кеңес мемлекет басшысының жарлығымен 1998-жылдың 30-маусымында құрылған. Оның мақсаты - республика үкіметі мен елімізде жұмыс істейтін шетелдік инвесторлар арасында тікелей диалог орнату, инвестициялық ахуалды жақсарту.

Кеңесті президент басқарады. Ол кеңестің жалпы отырыстарына төрағалық жасап, күн тәртібін бекітеді. Жалпы отырыстар жылына екі мәрте өткізіледі. Сондай-ақ, үкімет басшысының орынбасары немесе индустрия және сауда министрінің төрағалық етуімен аралық отырыстар өткізіледі. Кеңес аясында мемлекеттік органдар, халықаралық ұйымдар мен шетелдік компаниялардың қатысуымен инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі, заңнамалық мәселелер бойынша, мұнайгаз саласындағы салық салу мәселелері бойынша, шетелдік инвесторлардың ағымдағы іс-қызметі жөніндегі бес бірлескен жұмыс тобы құрылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны