08.12.2006, 12:46 3050

Шетелдік инвесторлар кеңесінің жанынан арнаулы комиссия құрылды

АСТАНА. 8-желтоқсан. Kazakhstan Today. Шетелдік инвесторлар кеңесінің жанынан оның құрамын реттеу жөніндегі арнаулы комиссия құрылды. Бұл туралы бүгін президент Нұрсұлтан Назарбаев құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Қазақстан президентінің жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесі туралы ережеге өзгерістер енгізілді. Мәселен, шетелдер жағынан кеңес құрамын реттеу жөніндегі комиссия құрылды",- деді Н.Назарбаев шетелдік инвесторлар кеңесінің 16-шы жалпы отырысында бүгін сөйлеген сөзінде.

Мемлекет басшысының айтуынша, комиссия құрамына Қазақстан жағынан үш, шетелдер жағынан - үш өкіл енетін болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны