01.10.2018, 14:16 4430

Шетелдік компаниялар Түркістанға инвестиция салуға қызығып отыр

Облыс инвестиция тарту бойынша республикада көш басында келеді. Мәселен, өткен жылы 482 млрд. теӊге қаржы құйылды.

Түркістан. 1 қазан. Kazakhstan Today - Түркістан қаласында өтіп жатқан инвестициялық форумда өӊірдіӊ инвестициялық және туристік әлеуеті таныстырылып, шетелдік компания басшылары бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді. Облыс инвестиция тарту бойынша республикада көш басында келеді. Мәселен, өткен жылы 482 млрд. теӊге қаржы құйылды. Енді тағы 4,8 млрд. АҚШ долларын құрайтын 26 жобаны жүзеге асыру жоспарда бар. Қазірдіӊ өзінде оныӊ 12-сі іске асырылуда. Бұл туралы бүгін "Көне түркістан - жаӊа мүмкіндіктер" атты халықаралық инвестициялық ж?не туристік форумда облыс әкімі Жансейіт Түймебаев мәлімдеді.

Жиынға Ресей, Иран, Малайзия, Түркия, ҚХР, Чехия, Италия, БАИ, Польша сынды елдерден келген кәсіпкерлер қатысты. Аймақ басшысы қонақтарды айтулы күнмен құттықтап, облыстыӊ экономикалық әлеуетімен таныстырды.

"Түркістан - талай жылдар бойы қазақ хандығыныӊ және түркі әлемініӊ саяси ордасы, рухани астанасы болған шахар. Елбасымыз осынау көне қаланы облыс орталығы етіп, оны дамытуға ерекше ықылас танытып отырғаны белгілі. Бүгінде мемлекет тарапынан жалпы құны 2 млрд. АҚШ долларын құрайтын инвестиция құю жоспарланып отыр. Яғни, мұнда әуежай, әкімшілік - іскерлік орталығы және тұрғын үйлер бой көтеріп, Түркістан заманауи үлгідегі технология енгізілген ақылды қалаға айналатыны сөзсіз. Қазірдіӊ өзінде өӊірдіӊ экономикалық даму мүмкіндігіне қаныққан отандық және түрік компаниялары 100 млн. АҚШ долларынан асатын қаржы салып, 5 жұлдызды қонақ үйлер, ойын-сауық сауда орындары мен фитнес орталықтар ашуды көздеп отыр. Бүгінгі жиын өздерӊізбен осындай іскерлік қарым-қатынас орнатып, нығайтуға сеп болады деген сенімдемін", - деді Жансейіт Қансейітұлы.

Сонымен қатар, өӊірді дамытуға бағытталған кез-келген жобаны барлық тараптан қолдауға дайын екенін айтқан облыс әкімі, аймақты үш бағытта дамытуға басымдық берілгенін де жеткізді.

Форумда Еуразиялық экономикалық ынтымақтастық ұйымыныӊ бас хатшысы Владимир Пискурев Түркістанныӊ туризм саласындағы мүмкіндігін жоғары бағаласа, "DALHolding" компаниясыныӊ басшысы Демирджан Косе Түркістан облысында 200 гектар жылыжай мен цемент зауытын ашуға дайын екенін мәлімдеді. Ал, Малайзияныӊ "Nagasteel Equipment Sdn. Bhd." компаниясыныӊ президенті Зайнул Азизан инфрақұрылым және өнеркәсіп салаларына инвестиция құюға әзір екенін айтты. Сондай-ақ "RIXOS HOTELS" қонақ үйлер желісініӊ президенті Фетах Таминджи, Еуразиялық туризм ассоциациясыныӊ президенті Рысты Қарабаева, "Қазақ туризм" ұлттық компаниясыныӊ басқарма төрағасы Рашид Күзембаев және өзге де спикерлер баяндама жасап, келешекте Түркістанды туризм көшбасшысына айналдыру бағытындағы ойларын ортаға салды.

Форум аясында В2В форматындағы кездесулер өтті. Сонымен бірге "Туризм индустриясы - Қазақстан экономикасыныӊ жаӊа драйвері", "Солтүстік-Оӊтүстік экономикалық дәлізі" тақырыптарында және агроөнеркәсіп кешенін дамытудағы адам капиталыныӊ рөлі жөнінде пікіралмасулар өтіп жатыр.

Ерекше тарихи-архитектуралық және археологиялық ескерткіштері, айрықша табиғаты бар өӊірдіӊ бірінші даму бағыты - туризм. Қазірдіӊ өзінде мұнда мұнда келетін туристер саны жыл санап артып келеді. Мәселен, өткен жылы облысқа 270 мыӊнан астам саяхатшы келген. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 40 пайызға артық. Инвестиция тартуға қолайлы екінші бағыт ауыл шаруашылығын саласы. Ауа райы жайлы облыстыӊ ауыл шаруашылық саласы дауы жағынан республикада бірінші орынға шыққан. Сондай-ақ, логистикалық және транзиттік әлеуетті көтеру жұмыс кестеде тұрған үшінші мәселе.

Облыстыӊ экономикалық және инвестициялық әлеуетіне қаныққан шетелдік қонақтар Түркістан өӊірінде туризм, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік салаларын дамытуға атсалысуға ниетті екендіктерін білдірді. Сондай-ақ, Иран, Малайзия, Қытай елдерінен келген инвесторлар аймақта заманауи үлгідегі әлеуметтік нысандар салып, инрақұрылым мен сандық технологияны дамытуға күш салатынын да атап өтті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны