19.05.2009, 12:30 1130

Шетелдік кредиторлар "БТА Банктің" қарызын қайта құрылымдауға дайын - Жәмішев

Шетелдік кредиторлар "БТА Банктің" қарызын қайта құрылымдауға дайын - Жәмішев

Астана. 19 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Шетелдік кредиторлар "БТА Банктің" қарызын қайта құрылымдауға дайын. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысынан кейін журналистерге берген сұхбатында қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Көптеген кредиторлар қайта құрылымдауға дайын екендіктерін білдірді, бірақ олар ең алдымен қайта құрылымдаудан кейін барлық міндеттемелер орындала ма, жоқ па дегенге алаңдаулы. Кредиторлар негізінен оң ұстанымда болды, бұл - келіссөздерге жақсы ауан берді", - деді Болат Жәмішев.

Осы орайда оның айтуынша, "келіссөздер процессі жүргізілуде, ол тез аяқтала қоймайды. Мен осы процесс оңды ауанда басталды деп айта аламын".

"Ағымдағы жылы біз сырттан қарыз алу мүмкіндіктерін көре алмай отырмыз, біздің мақсатымыз - қарыз алу немесе алмауда емес, бюджеттің тапшылығы қарыз алу мүмкіндігінің өзектілігін көрсетіп отырғаны түсінікті жайт", - деді министр.

Сонымен бірге ол Қазақстанның рейтингтік агенттіктерді үкімет банктердің міндеттемелерін өзіне жүктеп алуға ниеті болған емес және ондай ниеті болмайды деп сендіргенін хабарлады.

"Біз рейтингтік агенттіктермен, атап айтсақ, Fitch агенттігі өкілдерімен кездестік. Олар қаржы секторына көрсетілетін көмек мөлшеріне қатысы бар дербес рейтингтер бойынша қауіп білдіреді. Үкімет тікелей немесе шартты міндеттемелердің үлкен көлемін өзіне жүктеп ала ма деген алаңдаушылық бар, ал мұндай позицияны рейтингтік агенттіктер рейтингтер жағымды бола алмайды деп қабылдайды. Өйткені, олардың пікірінше, үкімет өзіне бақылауы күрделі міндеттемелерді алуда. Біз рейтингтік агенттіктерді үкімет банктердің міндеттемелерін өзіне жүктеп алуға ниеті болған емес және ондай ниеті болмайды деп сендірдік", - деді Б. Жәмішев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны