21.09.2007, 14:46 2647

"Шеврон" 2008 жылдың аясында Теңіздегі өндіріс орындарының қуатын арттыру жобасын толық аяқтамақшы

"Шеврон" 2008 жылдың аясында Теңіздегі өндіріс орындарының қуатын арттыру жобасын толық аяқтамақшы.

Астана. 21 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - "Шеврон" корпорациясы 2008 жылдың аясында Теңіздегі өндіріс орындарының қуатын арттыру жобасын толық аяқтамақшы. Бұл туралы бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуден кейін өткен брифингте "Шеврон" корпорациясының басқармаларының төрағасы әрі атқарушы директоры Дэвид О'Райли мәлімдеді.

"Теңіз кенішіндегі өндіріс орындарының қуатын арттыру жұмыстарының бірінші кезегі алдағы бірнеше айда тәмамдалады. 2008 жылы Теңізде бұл жоба толық аяқталады", - деді Д. О'Райли.
Корпорацияның басқармаларының төрағасы бұған қоса "Қазақстан президентінің Теңіз кенішіндегі компания іс-қызметіне қанағаттанғандық білдіргенін" жеткізді. "Бүгін біздің кездесуімізде Қазақстан президенті де, үкімет басшысы да біздің компанияның іс-қызметіне, атап айтқанда, Теңіз кенішіндегі іс-қызметіне қолдау білдірді", - деп атап өтті. "Қазақстан мемлекет басшысы Теңіз жобасын үкімет пен шетелдік инвестордың қалай табысты жұмыс істей алатындығына мысал ретінде атады" , деді Д. О'Райли.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны