14.04.2011, 15:39 4334

Шеврон ілмек арматура өндіретін зауыт құрылысын бастайды

Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Шеврон" корпорациясының бас атқарушы директоры және директорлар кеңесінің төрағасы Джон Уотсонды қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 14 - сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Шеврон" корпорациясының бас атқарушы директоры және директорлар кеңесінің төрағасы Джон Уотсонды қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, әңгіме барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланған.

"Иңгімелесу барысында мен Президентке Теңіз кен орнын дамытуға бағытталған "Теңізшевройл" бірлескен кәсіпорнының жұмысы туралы баяндап бердім. Өткен жылы біз өңдеу саласында рекордтық көрсеткішке қол жеткіздік. Ең бастысы, біздің қол жеткізгеніміз - бұл қоршаған ортаны қорғау және еңбек қауіпсіздігі жөніндегі жақсы көрсеткіш. Мен сондай-ақ Президентке қазақстандық мамандарды даярлауға және одан әрі дамуға бағытталған біздің бастамаларымыз туралы айттым. Бүгінгі күні біздің қызметкерлеріміздің 85 пайызын қазақстандықтар құрайды. Біз ТШО мен "Шевронның" қазақстандық мазмұнын дамытудағы үлесін талқыладық. Біз Мемлекет басшысының Қазақстанның Үдемелі индустриалдық-инновациялық дамуы жөніндегі бастамасын толық қолдаймыз. "Шеврон" компаниясы бүгінде Теңіз кен орнын өңдеуде ең жаңа технологияны пайдалануда. Осы кен орнында алғаш рет жүзеге асырылған шикі газды шайқау соның нақты бір мысалы болып табылады",- деді Д.Уотсон.

Сондай-ақ жақында металпластикалық құбырлар өндірісі зауытының құрылысы аяқталды, қазір біз ілмек арматура өндірісінің құрылысына кіріспекпіз. "Шеврон" компаниясы жел электрстансасының құрылысына инвестиция салатын болады және Қазақстандағы энергия көздерін жаңартуды дамытуға өз үлесін қосады. Президент бірнеше жылдан бері Қазақстанды табысты басқарушы лидер болып табылады. Мұны өткен президенттік сайлаудың нәтижесі айқын көрсетті. Ол оңайға соқпаған өткен жылдарда да, таяудағы жаһандық қаржылық дағдарыста да елді өте тиімді және табысты басқарып келеді. Қазақстан таңқаларлықтай нәтижелер көрсетті. Нұрсұлтан Назарбаев елдегі инвестициялық климаттың жақсаруына ерекше мән береді, - деді журналистерге арналған брифинг барысында Д.Уотсон.

Фото: mzmk.ru.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны