21.02.2020, 22:29 8098

Шейх Зайед атындағы Қор Қазақстанда өз өкілдігін ашады

Шейх Зайед атындағы кәсіпкерлік пен инновацияларды қолдау қоры Қазақстан Республикасында кеңсе ашады, бұл туралы "Астана" Халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) 2020 жылдың 22 ақпанында өтетін "Islamic Finance Open Day" исламдық қаржыландыру бойынша ашық есік күні қарсаңында Алан Бесен хабарлады

Алматы. 21 ақпан. Kazakhstan Today - Шейх Зайед атындағы Қор Қазақстанда өз өкілдігін ашады.

Шейх Зайед атындағы кәсіпкерлік пен инновацияларды қолдау қоры Қазақстан Республикасында кеңсе ашады, бұл туралы "Астана" Халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) 2020 жылдың 22 ақпанында өтетін "Islamic Finance Open Day" исламдық қаржыландыру бойынша ашық есік күні қарсаңында Алан Бесен хабарлады http://aifpkz.networkroom.net/.

"Біз Қазақстандағы шейх Зайед атындағы қор қызметінің мәселелерін егжей-тегжейлі талқылаймыз. Сонымен қатар, БАӘ келген мамандар қазақстандық нарықты сараптап, болашақта кәсіпкерлерге Қазақстанның қарқынды дамуына ықпал ететін бизнес-жоспарларды жүзеге асыруға көмектеседі", - деп жазды Бесен өзінің фейсбук парақшасында https://www.facebook.com/alan.bessenov/posts/10218759363070232?notif_id=1582262243219319&notif_t=feedback_reaction_generic

Оның айтуынша, Зайед қорының Қазақстандағы қызметі - жаңа жұмыс орындарын құру мәселесін шешуге бағытталатын болады. БАӘ-ның бизнес өкілдері 10 жыл бойы Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпорындарды қолдауға ниетті. Қолдаудың негізгі бағыттары: жаңа бизнесті құруға және жұмыс істеп тұрған бизнесті дамытуға қаржыландыруды ұсыну, әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау, кәсіпкерлерді оқыту мен кеңес беру, және кәсіпкерлік қоғамдастықты дамытуға жәрдемдесуді қамтиды. Қор бірнеше бағыт бойынша әрекет етуді жоспарлап отыр: исламдық бөліп төлеу (мерзімін ұзарту) және исламдық әріптестік қаржыландыру.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны