03.05.2007, 10:37 2490

Шығыс Қазақстан облысында 22 асыл тұқымды шаруашылық құрылады

СЕМЕЙ. 3-мамыр. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысында малдың тұқым сапасын жақсарту және оның өнімділігін арттыру үшін 22 асыл тұқымды шаруашылық құрылады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Шығыс Қазақстан облыстық әкімшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, асыл тұқымды шаруашылықтар Шығыс Қазақстан облысының әкімі Жәнібек Кәрібжановтың тапсырмасымен құрылуда. Белгіленген кестеге сәйкес 2007-жылы 4 асыл тұқымды шаруашылық, 2008-жылы - 8, 2009-жылы - 10 шаруашылық құрылады. Сонымен бірге малды жасанды жолмен ұрықтандыратын 81 бөлімше құру межеленген. Қазіргі жағдаймен осындай 19 бөлімше құрылды. Жылдың аяғына дейін тағы 50 құрылады.

Еттің сапасын жақсарту мен оны өндіру көлемін арттыру үшін 37 мал бордақылау алаңы мен 12 сүт-тауарлық фермасын құру межеленген. Субсидия алу ережелеріне сәйкес, әрбір алаңда 200-ден төмен емес басты мал болмақ. Қазір қолда бар фермалардың базасында осындай 24 алаң құрылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны