12.02.2018, 21:07 5888

Шығыс Қазақстан облысында 5 автожол жобасы жүзеге асады

"Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша Шығыс Қазақстан облысында "Орталық - Шығыс" дәлізін қайта құру жоспарланған

Өскемен. 12 ақпан. Kazakhstan Today - Инфрақұрылымдық дамытуға бағытталған "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша Шығыс Қазақстан облысында "Орталық - Шығыс" дәлізін қайта құру жоспарланған. Оныӊ аясында 5 автожол жобасы жүзеге асады. Облыс әкімі Даниал Ахметовтыӊ айтуынша, Елбасы Жолдауында жарияланған жобалар Ресейдіӊ Сібір аймағынан Қазақстан арқылы Қытайдыӊ ШҰАР провинциясына қысқа жол ашуға мүмкіндік береді.

"Орталық-Шығыс" дәлізін қайта құру жалпы ұзындығы 161 шақырым құрайтын "Омбы-Майқапшағай", "Таскескен-Бақты", "Өскемен - Зырян - Үлкен Нарын - Катонқарағай - Рахман қайнары" бағытындағы автожолдарын жөндеуге мүмкіндік беріп отыр.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы шетелдік инвестиция есебінен республикалық маӊыздағы "Өскемен - Алматы" және "Қалбатау - Майқапшағай" автокөлік жолдарын қайта жаӊартуды бастау жоспарлануда. Оныӊ нәтижесінде, жолдар деӊгейі ІІ-техникалық санатқа ауыстырылады. Облыс әкімі аймақтағы осы жобаларды іске асыру Елбасы Жолдауыныӊ төртінші бағыты аясында жүзеге асырылатынын атап өтті.

- Республикалық маӊызы бар жолдарды жөндеу Ресейдіӊ Сібір облысынан Қазақстан арқылы Қытайдыӊ ШҰАР деген провинциясына қысқа жол ашуға мүмкіндік береді. Осылайша, біздіӊ аймақта Президентіміздіӊ барлық тапсырмалары нақты жүзеге асырылатынын зор сеніммен айта аламыз - деді Даниал Ахметов. - Облыс үшін аса маӊызды жобалардыӊ орындалуын қамтамасыз ету үшін жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасына бақылауды бұйырамын. втокөлік жолдарыныӊ 70-85% үлесініӊ жағдайын жақсартуды тапсырамын.

2018 жылы республикалық маӊызы бар жолдардыӊ 138 шақырым аумағын орташа жөндеу жоспарланған. Бұдан бөлек, Қазақстан-Ресей шекарасындағы "Ауыл" және "Уба" бақылау-өткізу пункттерінде қосымша жолақтардыӊ құрылысы жоспарланған. Бұл осы нүктелердіӊ транзиттік әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Жалпы алдағы таӊда республикалық маӊызы бар 3,414 шақырым жол жөндеуден өтеді.

Айта кетейік, ШҚО Республикадағы жалпы қолданыстағы жолдардыӊ еӊ үлкен бөлігі, яғни 11 494.5 шақырымы басып өтеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны