07.02.2007, 18:27 3033

Шығыс Қазақстан облысында алғаш рет экономикалық кеңес құрылды

СЕМЕЙ. 7-ақпан. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысында алғаш рет экономикалық кеңес құрылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Экономикалық кеңес облыс әкімі Жәнібек Кәрібжановтың тапсырмасымен құрылып отыр. Кеңес жұмысы аймақты дамытуға мүмкіндік туғазатын озық жобаларды анықтаудағы бизнес пен биліктің өзара ықпалдастығын көздейді. Экономикалық кеңестің өкілеттілігін шектеу мен жауапкершілігі "бизнес жобаны инвестициялайды, ал билік көмек көрсетеді" деген қағида бойынша анықталған, деп түсіндірілді баспасөз қызметі.

Экономикалық кеңес құзырына, сондай-ақ, басым бағыттарды анықтау, инвесторлардың ұсыныстарын қарау, нақты инвестициялық бастамаларды мақұлдау, оларға қатысты ұсыныс жасау кіреді, сонымен қатар экономикалық кеңес инвестициялық жобалардың жүзеге асуына жауапты.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңа орган қызметінің тетіктері өте қарапайым: экономикалық кеңестің мақұлдауынан кейін облыс әкімі "Инвестор сертификатын" береді, бұл мемлекеттік органның аталмыш сертификат иесіне көмек көрсетуінің кепілі болып табылады.

Кеңестің жұмысшы органы - Шығыс Қазақстан облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны