03.09.2007, 17:29 2738

Шығыс Қазақстан облысында атом өнеркәсібін дамытуға байланысты бірқатар озық жобаларды жүзеге асыру ұсынылуда

Шығыс Қазақстан облысында атом өнеркәсібін дамытуға байланысты бірқатар озық жобаларды жүзеге асыру ұсынылуда.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 3 қыркүйек. КУРЧАТОВ. Шығыс Қазақстан облысында атом өнеркәсібін дамытуға байланысты бірқатар озық жобаларды жүзеге асыру ұсынылуда. Бұл туралы бүгін "Қазақстан Республикасының ядролық медицинасы" ғылыми-практикалық конференция барысында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Сергей Плотников мәлім етті, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.

"Сөз "Қазақатомөнеркәсібі" ҰАК құрамына кіретін Үлбі металлургиялық зауыты жайлы болып отыр, ол үшінші буынның ядролық реакторларына арналған жылу бөлетін жинақ шығару жөніндегі өндірісті ұйымдастыру жобасын жүзеге асыруды жоспарлауда, бұл Қазақстанда ядролық отын өндірудің толық тізбегін жолға қоюға мүмкіндік береді",- деді Сергей Плотников. "Бұл - құны 620 млн АҚШ доллары тұратын өте ірі инновациялық жоба, ол 2008 жылы жүзеге асырыла бастайды", деп қосты.

Сонымен қатар, Сергей Плотниковтың хабарлауынша, "Қазақатомөнеркәсібінің" құрамына кіретін бірқатар өндірістер реакторда қолдану үшін құрамында бериллийі бар материалдар шығаруды реттеуді жоспарлауда, бұл болашақта термоядролық энергетика үшін жоғары технологиялы материалдар алуға мүмкіндік береді". "Бұл өндірістер тантал материалдардың негізінде электрондық өнеркәсіпте пайдаланылатын жоғары технологиялы өнім шығаруды ұйымдастыруды жоспарлауда",- деп қосты облыс әкімінің орынбасары Сергей Плотников. Оның айтуынша, әңгіме нанотехнологияларды пайдалана отырып жаңа буынның аса нәзік электролиттік конленсаторларын шығару жайлы болып отыр.

"Курчатовтағы ядролық технология паркінде сондай-ақ фармпрепараттарды өндіруде қолданылатын радиоизотоптарды ғылыми сыйымдылығы жоғары, озық технологиялы өндіріс құру жөніндегі жоба қарастырылып жатыр",- деп қорытындылады Сергей Плотников.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны