06.01.2010, 13:38 2879

Шығыс Қазақстан облысында электр қуаты мен қоғамдық көлікте қатынау тарифтерінің көтерілу заңдылығын арнайы комиссия анықтау үстінде

Шығыс Қазақстан облысында электр қуаты мен қоғамдық көлікте қатынау тарифтерінің көтерілу заңдылығын арнайы комиссия анықтау үстінде

Семей. 6 қаңтар. Kazakhstan Today - Шығыс Қазақстан облысында электр қуаты мен қоғамдық көлікте қатынау тарифтерінің көтерілу заңдылығын арнайы комиссия анықтауда, деп хабарлайды Kazakhstan Today шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасы бойынша арнайы комиссия құрылды, ол "Шығысэнерготрейд" ЖШС мен жолаушылар тасымалдаушы компаниялардың тарифтерді көтеру туралы шешім қабылдауының заңдылығы мен негізділігін анықтауға тиіс.

Еске сала кетейік, 2009 жылдың 31 желтоқсанында "Шығысэнерготрейд" ЖШС баспасөз қызметі 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап электр қуатының тарифтерін көтеретіндігі туралы баспасөз баянын таратқан. "Электр қуатының орташа деңгейдегі бағасы 25%-ға өсіп, 1 кВт/сағ үшін ҚҚС қоса есептегенде 6,886 теңге болмақ", - делінген баспасөз баянында.

Сондай-ақ, Шығыс Қазақстанның Автотасымалдаушылар одағы Өскемен қалалық әкімдігінің оң қорытындысын алмастан, 2010 жылдың 11 қаңтарынан бастап Өскеменде қоғамдық көліктегі жолақысын көтеретіндігін хабарлаған. "11 қаңтардан бастап автобустар қызмет көрсететін бағыттардағы ең төменгі тариф 50 теңге, шағын автобустармен - 55 теңге болмақ", - делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны