10.01.2008, 18:38 3310

Шығыс Қазақстан облысында электр қуатының тарифтері бұрынғы деңгейде қалады

Шығыс Қазақстан облысында электр қуатының тарифтері бұрынғы деңгейде қалады

Семей. 10 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысында электр қуатының тарифтері бұрынғы деңгейде қалады. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 9 қаңтарда облыс әкімі Жәнібек Кәрібжанов Шығыс Қазақстан облысы бойынша AES компаниясының жетекшісі Джон Аббаспен және "Шыгысэнерготрейд" ЖШС директоры Дмитрий Лимен кездесті.

"Кездесу аясында ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында электр қуатының тарифтерін бұрынғы деңгейде сақтау жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілді", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

"Энергиямен қамтамасыз етуші компания Шығыс Қазақстанның тұтынушыларын электр қуатымен үздіксіз әрі тұрақты қамтамасыз ету жөнінде міндеттеме жүктеп алды", - деп хабарлайды әкімшіліктегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны