16.06.2008, 18:16 2818

Шығыс Қазақстан облысында эмитенттер тарту және халықтың қаржылық сауатын арттыру акциясы басталды

Шығыс Қазақстан облысында эмитенттер тарту және халықтың қаржылық сауатын арттыру акциясы басталды

Өскемен. 16 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысында эмитенттер тарту және халықтың қаржылық сауатын арттыру акциясы басталды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне облыс әкімінің баспасмөз қызметінен хабарлады.

"Өскемен қаласында маусымның 16-20 аралығында ҚР Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі агенттігі Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігімен бірлесе отырып, өңірлік компанияларды қор нарығына тартуға және Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығының қызметі мен даму перспективаларымен таныстыруға бағытталған бірқатар шаралар өткізеді", - деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Агенттік, "Алматы қалалық өңірлік қаржы орталығы" АҚ, адиторлық, брокерлік және дилерлік ұйымдардың өкілдері шараның спикерлері болады.

"Сонымен қатар, халықтың инвестициялық сауатын арттыру мақсатында мемлекеттік қызметкерлер үшін және облыстың ірі жоғарғы оқу орындарының студенттері үшін ақпараттық-танымдық семинарлар жоспарланған", - деп атап көрсетті баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны