27.02.2009, 16:25 3214

Шығыс Қазақстан облысында негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі 3243,8 млн теңгені құрады

Шығыс Қазақстан облысында негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі 3243,8 млн теңгені құрады

Өскемен. 27 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Облыс бойынша қосымша бағалауды ескере отырып, негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі 3243,8 млн теңгені құрады және 2008 жылдың қаңтарындағы деңгейге қатысты алғанда 33,1%-ға кеміді. Инвестициялардың республикалық көлеміндегі облыстың үлес салмағы 2%-ды құрады, деп хабарлайды агенттік тілшісі ШҚО Статистика департаментінің хабарламасына сілтеме жасап.

Есеп тапсырған кәсіпорындар шеңбері бойынша негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі 3214,3 млн теңгені құрады, бұл 2008 жылдың қаңтарына қарағанда 33,7%-ға аз. Облыстың 19 өңірінің 8-інде инвестицияның өсімі байқалды. Көкпекті, Абай және Бесқарағай аудандарында арту байқалды. Инвестиция өсімі облыс орталығында 1,5%-ды, Семей қаласында - 35,2%-ды құрады. Инвестиция көлемінің азаюы Аягөз (95,0%-ға), Шемонаиха (86,8%-ға), Катонқарағай (80,8%-ға), Ұлан (79,9%) аудандарында байқалды.

Облыс экономикасы мен әлеуметтік саласына қаражаттың негізгі үлесін (жалпы көлемнің 88,4%-ын) жеке меншік нысандағы кәсіпорындар мен жұртшылық инвестициялады, мемлекеттік және шетелдік кәсіпорындардың үлес салмағы тиісінше 6,8%-ды және 4,8%-ды құрады.

Республикалық бюджет қаражатының басым бөлігі - электр энергиясын, газ бен суды тарату өндірісін қолдауға (аталған көзден барлық инвестицияның 58,9%-ы), жергілікті бюджеттен - білім беру мен денсаулық сақтауға (51,3%-ы), меншікті қаражаттың (88,9%) - өнеркәсіпке, қарыз қаражаттарының 78,7%-ы - өңдеу өнеркәсібіне жіберілді.

Шетелдік инвестиция облыс орталығында игерілді.

Негізгі капиталға жұмсалған барлық инвестицияның 87,1%-ы өңдеу өнеркәсібінің дамуына жіберілді, кен өндіру өнеркәсібіне жалпы инвестиция көлемінің 15,5%-ы инвестицияланды.

Жыл басынан бері 1837,0 млн теңгенің негізгі қорлары іске қосылды, олардан 669,6 млн. теңге (36,5%-ы) - өңдеу өнеркәсібінде, 578,1 млн. теңге (31,5%-ы) - жылжымайтын мүлікпен операцияларда, 342,4 млн. теңге (18,6%-ы) - кен өндіру өнеркәсібінде игерілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны