16.04.2010, 18:13 3924

Шығыс Қазақстан облысында су тасқыны кезінде малы қырылған әрбір отбасыға 1 миллион 400 мың теңге мөлшерінде несие бөлінеді - Күрішбаев

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 5 жылға берілетін бұл несие 2 пайызбен жылдық үстемемен бөлінеді. Ауыл тұрғындары алған бұл несиенің өтелуі екінші жылдан басталады.

Астана. 16 сәуір. Kazakhstan Today - Шығыс Қазақстан облысында су тасқыны кезінде малы қырылған әрбір отбасыға 1 миллион 400 мың теңге мөлшерінде несие бөлінеді. Бұл туралы бүгін Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, А.Күрішбаев су тасқынынан зардап шеккен Көкжыра және Ақсуат ауылдарының тұрғындарымен кездесті.

"Табиғат апаты зардабын тартқан өңірдегі барлық ауыл тұрғындары мемлекеттің қамқорынсыз қалмайды. Су тасқыны кезінде малы қырылған әрбір отбасыға 1 миллион 400 мың теңге мөлшерінде несие бөлінеді",- деп мәлімдеді министр.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 5 жылға берілетін бұл несие 2 пайызбен жылдық үстемемен бөлінеді. Ауыл тұрғындары алған бұл несиенің өтелуі екінші жылдан басталады.

Министрдің айтуынша, бұл қаржыға 13 қой, 10 сиыр, 3 жылқы сатып алуға болады. Аталмыш қаржы ШҚО әкімшіліктің тікелей қадағалауымен 10 мамырдан бөліне бастайды.

Дәл осы тұста Шығыс Қазақстан облысының Икімі Бердібек Сапарбаев бұл несиені ауыл тұрғындарына қаржылай емес, мал басымен беруін ұсынды.

Сонымен қатар, осы өңіредегі министр эпидемиологиялық жағдайды қатаң назарға алу қажеттілігін атап кетті.

Министр Ақылбек Күрішбаевтың сапары әрі қарай Үржар ауданында жалғасты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны