15.12.2008, 17:58 3382

Шығыс Қазақстан облысында жылыжай кешені ашылды

Шығыс Қазақстан облысында жылыжай кешені ашылды

Өскемен. 15 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысында жылыжай кешені ашылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, рынокты жеміс-көкөніс өнімдерімен тұрақты қамтамасыз ету жөніндегі 2008 - 2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының аясында "Шығыс Қазақстан жылыжай кешені" ЖШС 2008 - 2010 жылдарға арналған жылыжай кешенін дамыту бағдарламасының жобасын жасаған, онда гидропоника жүйесіне сәйкес (евростандарт талаптарына сәйкес, тамшылап суару және Голландия технологиясымен топырақсыз өсіру) жылыжайлар салу қарастырылған.

"Бағдарлама үш кезеңге есептелген. Қазір оның бірінші кезеңі жүзеге асырылып, Новая Согра кентінде 4,8 гектар аумақта сыртқы инженерлік желілері бар жылыжай пайдалануға берілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны