20.06.2012, 17:47 2954

Шығыс Қазақстан облысының басшылары Серебрянск зауытын жандандыруға уәде етті

Бердібек Сапарбаев Зырян ауданына жасаған жұмыс сапары барысында "Органикалық емес өнім шығаратын Серебрянск зауыты" ЖШС-де болып, зауыттың бүгінгі жағдайымен танысты.

Өскемен. 20-маусым. Kazakhstan Today - Шығыс Қазақстан облысының басшылары Серебрянск зауытын жандандыруға уәде етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бердібек Сапарбаев Зырян ауданына жасаған жұмыс сапары барысында "Органикалық емес өнім шығаратын Серебрянск зауыты" ЖШС-де болып, зауыттың бүгінгі жағдайымен танысты.

Қазіргі таңда кәсіпорын жағдайы мәз емес. Өнім саны өскенімен, өндірістің тоқтаусыз жұмыс істеуіне қарамастан, кәсіпорын тоқырауға ұшырап отыр. Зауыт басшысының халықаралық іздеуде жүргеніне байланысты басқа тұлға зауыттың несие саласында келісім жүргізе алмайды. Соның нәтижесінде өндіріс орны "Тұран әлем банкіне" 2 млрд теңге қарыз. Облыс әкімі кәсіпорынды сақтап қалу мақсатында барлық жағдай жасайтынын жеткізді. Облыс бойынша аталмыш жағдайға ұшырап отырған төрт кәсіпорын бар, ол - "Органикалық емес өнім шығаратын Серебрянск зауыты" ЖШС, Черемшанка құс фабрикасы, Өскемен машина жасау зауыты және "Семей су" ЖШС.

Біз зауыт жұмысын сақтап қалу мақсатында барлық іс-әрекеттерді жасап, банк басшылығымен келісім жүргізудеміз, Үкіметке тиісті хат жолдадық. Осының нәтижесінде зауыт мәселесі шешіледі деп ойлаймыз. Серебрянск қаласын жұмыспен қамтып отырған бірден-бір кәсіпорынның жабылып қалуына жол бермеуіміз қажет - деді Бердібек Сапарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны