03.10.2016, 19:43 6884

Шығыс Қазақстан облысыныӊ омарташылары Алматыға түрлі сұрыпты 40 тонна араныӊ балын жеткізді

Алматыда өӊірдіӊ оӊтүстік астанадағы мәдениет күндерін мерекелеу аясында Шығыс Қазақстан облысыныӊ тауар өндірушілері ара баланыӊ жәрмеӊкесін өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

Алматы. 3 қазан. Kazakhstan Today - Алматыда өӊірдіӊ оӊтүстік астанадағы мәдениет күндерін мерекелеу аясында Шығыс Қазақстан облысыныӊ тауар өндірушілері ара баланыӊ жәрмеӊкесін өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

Шығыс Қазақстан облысыныӊ тауар өндірушілері алматылықтарға арнап түрлі сұрыпты 40 тонна араныӊ балын және 27 түрлі пант өнімдерін әкелді.

Шығыс Қазақстан облысында шығарылатын араныӊ балы өзініӊ иісіне, дәміне және емдік қасиеттеріне байланысты елдегі еӊ үздік өнімге саналады. Өскемен, Зыряновск, Глубоковское, Катон-Қарағай, Ұлан, Үржар, Аягөз, Шемонаиха, Көкпекті және Тарбағатай аудандарынан келген омарташылар арнаулы сауда орындарында экологиялық таза өнімдерді саудалады. Олардыӊ арасында биік таулы, таулы-орманды, түйебұршақ, мамыргүл балы, аналық сүт, балауыз, гүл аталығы, прополис, пант өнімдерініӊ 27 түрі, ағаштан жасалған қолөнер бұйымдары бар.

Икімдіктіӊ баспасөз қызметініӊ мәліметінше, Алматыдағы ірі сауда желілеріне Шығыс Қазақстан облысыныӊ 19 кәсіорны өз өнімдерін жеткізеді.

"Шығыс Қазақстан облысыныӊ тауар өндірушілерініӊ ресурстары мен мүмкіндіктері өӊіраралық кооперацияныӊ ыӊғайлы түрлерін пайдалана отырып, республика облыстарыныӊ нарығына шығуға мүмкіндік береді. Алматы бұл бағытта біз үшін маӊызды нарық болып табылады. Өӊірдіӊ мал шаруашылық әлеуеті жоғары. Таяудағы 15 жыл ішінде Шығыс Қазақстан облысыныӊ ауылшаруашылығы секорыныӊ инвестициялық тартымдылығы жоғары болмақ. Біз суармалы жердіӊ 90 пайызын ұсына аламыз. Инвесторларды туристік кластер құруға атсалысуға шақырамыз",- деді оӊтүстік астананыӊ кәсіпкерлерімен және инвесторларымен кездесу барысында ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

Шығыс Қазақстан облысыныӊ кәсіпкерлері Алматыныӊ сауда желісіне жыл сайын экологиялық таза және сапалы азық-түлік өнімдерін ауқымды көлемде жеткізе алады. Машина жасау, азық-түлік өнеркәсібі, жеӊіл өнеркәсіп салаларында өндірістік және технологиялық тізбектер құру екі жақ үшін де пайдалы болмақ.

Бүгінгі күні Алматыға Шығыс Қазақстан облысынан 32 мыӊ тонна түрлі өнім жеткізіліп отыр, Шығыс Қазақстан облысыныӊ бұл 2015 жылы жалпы өткізген өнімінен 10% артық.

Шығыс Қазақстан облысыныӊ кәсіпорындары Алматыға сүт және сүт өнімдерін, консервілер, жартылай фабрикаттар, ет деликатестері, түрлі құс өнімдерін, ұн, шұжық, ұн және кондитерлік өнімдер, жарма түрлерін, өсімдік майын, араныӊ балын, ара өсіру шаруашылығыныӊ және пантты өнімдерді жеткізеді. Шығыс Қазақстан облысыныӊ өнеркәсіп орындары Алматыда автобустар, құрылыс материалдарынан бастап киім-кешекке дейінгі өнім түрлерін өткізеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны