10.10.2017, 17:32 5800

Шығыс Қазақстанда ирандық компания ет өӊдеумен айналысады

Қазанныӊ аяғына дейін инвестициялық келісімшартқа қол қойып, жер телімін беру мәселесін шешу жоспарланып отыр. 2018 жылдыӊ басына дейін жоба мемлекеттік органдарда келісімнен өтіп, бітуі тиіс, деп хабарлайды ШҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Астана. 10 қазан. Kazakhstan Today - Ирандық инвесторлар Шығыс Қазақстанда етті қалдықсыз өӊдеумен айналысуға дайын. Облыс әкімі Даниал Ахметов бірлескен "Agro Portal" ЖШС жетекшісімен кездесіп, жаӊа жобаныӊ ерекшеліктерін талқылап, жақын арада жүзеге асыру мүмкіндігін тілге тиек етті.

Соӊғы үлгідегі кәсіпорын Семейдегі "Өндіріс" индустриялық аймақта салынады. Жоспарға сай, зауыт іске қосылған соӊ, ірі қара мен ұсақ малдыӊ еті өӊделіп, ет консервілері мен шұжық түрлерін шығарады. Қалада жаӊа жұмыс орны ашылады.

- Ирандық серіктес біздіӊ өӊірде жайсыздық сезінбеуі тиіс. Тез арада дайындық жұмыстарын бастаулары үшін барлық жағдайды жасауымыз керек, - деді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Аймақ басшысы, сондай-ақ, учаске аумағына барлық инфрақұрылым желісі тартылатынын жеткізді. Бұдан бөлек "Бизнестіӊ жол картасы-2020" бағдарламасы бойынша теміржол тармағы жүргізіледі. Оныӊ игілігін әлбетте, индустриялық аймақтағы өзге кәсіпкерлер де көреді. Кәсіпорынды шикізатпен қамтамасыз ету мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Ирандықтар өздерініӊ бордақылау алаӊдарын жабдықтауға да ынталы екендіктерін айтты. Қазанныӊ аяғына дейін инвестициялық келісімшартқа қол қойып, жер телімін беру мәселесін шешу жоспарланып отыр. 2018 жылдыӊ басына дейін жоба мемлекеттік органдарда келісімнен өтіп, бітуі тиіс, деп хабарлайды ШҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны