12.06.2007, 15:36 1882

Шикізат емес тауарларды экспорттаушы ұлттық компанияларға сақтандыру қызметін көрсетудің тиімді тетігін қарастыру қажет - Есеп комитеті

АСТАНА. 12 - маусым. Kazakhstan Today. Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитеті үкіметке инвестиция мен шикізат емес тауарларды экспорттаушы ұлттық компанияларға сақтандыру қызметін көрсетудің тиімді тетігін қарастыруды ұсынады. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне комитеттің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, қаржыны тиімсіз пайдалану мен "Экспорттық несиелер мен инвестицияны сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы" АҚ мемлекеттік активтерді басқару нәтижесінде экономиканың шикіхатқа жатпайтын саласындағы экспортқа бағытталған өндірістерді дамытуға көмектесу жөніндегі тапсырмаларды шешу мақсаттарына толық көлемде қол жеткізілмей отыр. "Экспорттық несиелерге қатысты сақтандырылған жобалар саны жылдан жылға азайып барады",- деп атап көрсетті комитеттегілер.

Атап айтқанда, 2006 жылы мемлекеттік корпорация басқармасының шешімімен мақұлданған 62 жобаның 23 жобасы ғана, немесе мақұлданған жобалардың жалпы санының 37 пайызы сақтандырылған, ал 2004 жылы 49 жобаның 36-сы (74 пайызы) сақтандырылған. Экспорттық несиелер бойынша өткен жылы сақтандырылған жобалардың саны 2005 жылмен салыстырғанда 1,8 есеге азайған. "Мемлекеттік корпорацияны дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған жоспарында сақтандырудың жоспарланған көлемі тек 40 пайызға ғана орындалып, 20 млрд теңгені құраған. 2006 жылы инвестиция мен несиелерді сақтандыру бойынша бес жоба "Қазына" Тұрақты даму қоры" АҚ сараптамасына жіберіліп, шешім қабылданбаған",- деп айтылған хабарламада.

Мемлекеттік корпорцияға өткен жылы экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандырудан 33 млн теңге көлемінде кіріс кірген, ал бос ақшаны мемлекеттік құнды қағаздарға орналастыру мен басқа да қаржы құралдарынан - 518,8 млн табыс тапқан, бұл жалпы кіріс сомасының 94 пайызы.

Сөйтіп, комитет "Қазынаға" Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі Мемлекеттік сақтандыру корпорациясын дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған жоспарына экономиканың шикізатқа жатпайтын саласындағы экспортқа бағытталған өндірістерді нәтижелі дамыту мен ынталандыру үшін өзгертулер енгізуді ұсынады. "Шикізат емес" топқа жататын тауарлар мен қызметтері тізіміне сақтандыру үшін оларды толық қамтуды ескере отырып, өзгертулер мен толықтырулар енгізуді көтеру ұсынылады. "Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы" АҚ мен Сақтандыру корпорациясы қазақстандық тауарлар мен қызметтерді экспорттауды дамыту, әлеуетті сату нарығы туралы ақпараттарды тарату мәслелері жөніндегі маркетингтік зерттеулер жүргізуде күштерін біріктіруі керек",- деп көрсетілген ақпаратта.

Сонымен қатар, Мемлекеттік сақтандыру корпорациясы дамыту жоспарында көрсетілген экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру бойынша жоспарланған іс-шараларды орындауды, экспорттық несиелер мен инвестициялар жөніндегі жобаларды сақтандыру туралы шешім қабылдауға дейін зерделеу мен қарастыру сапасын көтеруді ұсынады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны