29.02.2008, 14:08 867

Шикізат өндіруші саладағы ашықтық бастамасын жүзеге асыру жөніндегі ҚР Ұлттық кеңесі меморандумның жаңа мәтінін жасайды - Мыңбаев

Шикізат өндіруші саладағы ашықтық бастамасын жүзеге асыру жөніндегі ҚР Ұлттық кеңесі меморандумның жаңа мәтінін жасайды - Мыңбаев

Астана. 29 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Шикізат өндіруші саладағы ашықтық бастамасын жүзеге асыру жөніндегі ҚР Ұлттық кеңесі бастаманы жүзеге асыру жөніндегі меморандумның жаңа мәтінін жазып шығармақшы. Бұл туралы бүгін ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаев "Қазақстандағы шикізат өндіруші саладағы ашықтық бастамасы" атты бірінші ұлттық конференцияда мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қазір меморандумның жаңа мәтініне қол қою мәселесі қарастырылуда. Шикізат өндіруші саладағы ашықтық бастамасын жүзеге асыру жөніндегі ҚР Ұлттық кеңестің аясында оны келісу жөніндегі жұмыс тобы құрылды, оның құрамына осы ұлттық кеңестің, KazEnergy және "Қазақстан Петролеум" қауымдастықтарының өкілдері енді, - деді С. Мыңбаев.

"Меморандумның жаңа мәтінін жасауға септігін тигізу үшін оған қол қойған компаниялар да, қол қоймағандар да жұмыс тобына шақырылды", - деді ол.

Өз кезегінде энергетика және минералды ресурстар министрі вице-министрі Болат Ақшолақов меморандум мәтіні ұлтттық кеңеске қатысушылардың өзара келісіміне сәйкес өзгеретінін, өзгерістер ашықтық бастамасын жүзеге асыру аясындағы жұмыстарды мейлінше дұрыс жүргізуге қатысты болатынын атап өтті.

Бұған қоса "Мұнайдан түскен кіріс қоғамның бақылауында болсын!" атты үкіметтік емес ұйымдар коалициясының төрағасы Мәлік Исабековтың баспасөз мәслихатында берген түсініктемесіне сәйкес, меморандумның жаңа мәтінінде "ұлттық кеңестің ролін күшейту, сондай-ақ, оның шешім қабылдау тетіктеріне қатысты көптеген өзгерістер енгізу жоспарлануда".

"Біздің пайымдауымызша, ұлттық кеңес мүшелерінің шешім қабылдағаны үшін жауапкершілігі мен парламенттің бастаманы жүзеге асырудағы ролін күшейте түсу қажет. Сондай-ақ, техникалық сипаттағы бір өзгеріске сәйкес, аудиторлық компания міндетті түрде "үлкен төрттікке" енетін құрылымнан болуға тиіс емес. Бұл рольді тәуелсіз аудитор да өзіне жүктей алады", - деді М. Исабеков.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны