17.10.2016, 14:55 5142

Шымкент әкімдігі қорғасын-фосфат қалдықтарды қорыту жұмыстарына шетелдік мамандарды шақырды

Қала әкімініӊ орынбасары Қайрат Нұртай мен аппарат басшысы Рашид Аюпов Шымкент қаласыныӊ агрорлық саладағы болашақ мүмкіндіктері туралы айтып, ірі кәсіпорындар өз тауарларын экспорттауға қабілетті екендігін тілге тиек етті.

Шымкент. 17 қазан. Kazakhstan Today - Шымкент әкімдігі қала іргесіндегі қорғасын-фосфат қалдықтарды қорыту жұмыстарына шетелдік мамандарды шақырды, деп хабарлайды қала әкімдігініӊ ресми сайты.

Бұл туралы жуырда Шымкентке Чили Республикасыныӊ құрметті консулы Леонид Шейнгезихт келген кезде айтылды.

Икімдіктіӊ ақпаратына сәйкес, екі жақты кездесу барысында шетелдік қонақ Чилидіӊ ауыл шаруашылығы, шарап қабылдау, медициналық техниканы өндіру, топырақ ресурстарын және туризмді дамыту, өндіру кезінде пайдаланылатын өӊдеу зауыттарын салу, экономикалық және инвестициялық мүмкіндіктері туралы әӊгімелеп берді.

Сондай-ақ, Қазақстан-Чили арасындағы технология нарығын қолдану жөнінде мысалдар келтірді.

Қала әкімініӊ орынбасары Қайрат Нұртай мен аппарат басшысы Рашид Аюпов Шымкент қаласыныӊ агрорлық саладағы болашақ мүмкіндіктері туралы айтып, ірі кәсіпорындар өз тауарларын экспорттауға қабілетті екендігін тілге тиек етті. Кездесу барысында қала іргесіндегі қорғасын-фосфат қалдықтарды қорыту жұмыстарына шетелдік мамандарды шақырды.

Сонымен қатар, Чили Республикасыныӊ құрметті консулы Леонид Шейнгезихт Шымкент пен Арика қалалары арасында экономикалық ынтымақтастық қарым-қатынасты дамытуға шақырды. Шымкент пен Арика бауырлас қалаға айналмақ.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ бұрынғы әкімі Бейбіт Атамқұлов бірыӊғай "Оӊтүстік экспорт" бағдарламасын дайындауға тапсырма берген болатын.

Бұл туралы өӊір басшысы Елбасы тарапынан берілген бірқатар тапсырмалардыӊ орындалу жайы қаралған мәжілісте айтқан еді.

"Оӊтүстіктіӊ тамақ өнеркәсібін дамытудағы әлеуеті артып келеді. Бүгінде Сайрам, Мақтаарал, Сарыағаш аудандары өндірген өнімдерін экспорттап келеді. Осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру мақсатында экспортталатын өнімдердіӊ тізбесін жасап, бірыӊғай "Оӊтүстік экспорт" бағдарламасын дайындауды тапсырамын",-деді аймақ басшысы.

Сондай-ақ, облыс әкімі таза өнім экспорттау үшін, өӊірдіӊ өз брендін қалыптастыру қажеттігін атап өтті.

Мәжілісте аймақ басшысы аудан, қала әкімдеріне өз өнімін экспорттауға қауқарлы әрбір тауар өндірушіге барынша қолдау көрсету қажеттігін айтып, ауданда өндірілетін өнімдердіӊ тізбесін жасауды тапсырды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "KAZNEX INVEST" Экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігініӊ Басқарушы директоры Жәліл Болатовтыӊ айтуынша, шикізаттық емес экспортты ілгерілетудіӊ кешенді және басымдықты жүйесін құру бойынша Елбасыныӊ тапсырмасы шеӊберінде мемлекеттік органдар мен бизнес-қауымдастық өкілдерімен бірлесе отырып, Қазақстанныӊ 2020 жылға дейінгі Ұлттық экспорттық стратегиясын әзірлеуге кіріскен. Стратегияны әзірлеудіӊ айрықша өзектілігі жалпы әлемдік саудаға, сондай-ақ Қазақстанныӊ сыртқы сауда қызметіне кері ықпал ететін жаһандық экономикалық және қаржылық мәселелерге дер кезінде жауап қайтару қажеттілігімен байланысты. Осыған орай, ұзақ мерзімді сұранысқа ие экспорттық нарықтарға қатысты елдер арасындағы күшейіп келе жатқан бәсекелестік экспортты ілгерілетудіӊ тиімді жүйесін құруға бағытталған дамудыӊ бірыӊғай ұлттық бағытын қалыптастыруды белгілейді.

Тоқтала кететін жайт, "Қазақстан-2050" Стратегиясыныӊ көрсеткіштеріне сәйкес жалпы экспорт көлеміндегі шикізаттық емес экспорттыӊ үлесі 2025 жылға қарай екі есеге, ал 2040 жылға қарай үш есеге өсуі тиіс. Осыған сәйкес Ұлттық экспорттық стратегияныӊ нысаналы көрсеткіштері анықталды. Осы көрсеткіштерге 2018 жылы экспорт көлемін 120 млрд. долларға дейін арттыру және 2018 жылы жалпы экспорт құрамындағы өӊделген өнімніӊ үлесін 42%-ға (2012 жылғы үлесі 28%) арттыру кіреді. Бұл Қазақстанға әлемдік экспортшылар тізімінде 35 орынға (қазіргі таӊда 43-ші орында) тұрақтауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, қосымша көрсеткіштер болып келесілер табылады: экспорттыӊ тауарлық және географиялық әртараптылығын кеӊейту, экспортшы компаниялардыӊ саны мен жұмыс орындарын арттыру, "Made in Кazakhstan" брендініӊ танымалдығын арттыру.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны