28.02.2008, 11:14 2683

Шымкент әкімі ипотекалық несиелерді рәсімдеуге қатысты банктерге сын айтты

Шымкент әкімі ипотекалық несиелерді рәсімдеуге қатысты банктерге сын айтты

Шымкент. 28 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Шымкенте мемлекеттік ипотекалық бағдарлама бойынша салынған 159 пәтерді сату кешеуілдеп отыр. Бұл мәселе кеше қалалық әкімшілікте өткен кеңесте талқыланды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Қалалық әкімшіліктің тұрғын үй бөлімінің мәліметінше, мемлекеттік ипотекалық бағдарлама бойынша салынып жатқан жаңа Нұрсат ықшам ауданында 1615 пәтер пайдалануға берілсе, оның 1456-сы сатылған. Қалған 159 пәтерді сату жұмыстары, әкімшіліктегілердің пайымдауынша,көбінесе банктердің кінәсынан кешеуілдеп отыр.

"Несиелер тым баяу рәсімделеді. Банктер небәрі 1300 адамды ғана қаржыландырды", - деді қалалық әкімшіліктің тұрғын үй бөлімінің бастығы Гүлнар Ишірбаева.

Сонымен бірге, әкімшіліктің мәліметінше, толық рәсімделіп мақұлданған 618 млн теңгенің ипотекалық несиесі пәтер сатып алуға әлі де аударылмаған. Мамандардың пайымдауынша, бұл ақшалар банктерде "жоғалып кетуі" ықтимал.

Оқиғаның анық-қанығына бару үшін қала әкімі Арман Жетпісбаев тұрғын үй бөлімі, банктер мен несие алушылардың мәліметтерін салыстыра тексеру керек деген нұсқау берді. Икім бұл жайтқа егер банктер кінәлі болса, қатаң жауап береді деп ескертті.

"Ондай жағдайда біз екінші деңгейлі банктер өз филиалдары арқылы біздің ипотекалық бағдарламамызды аяқсыз қалдыруда деп қаржы полициясына арызданатын боламыз", -деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны