08.07.2018, 23:18 4903

Шымкент мегаполис атанған соӊ ондағы жалақыны көбейту бастамасын кәсіпорындар қолдай бастады

Қазіргі таӊда зауытта 500-ден астам адам жұмыс істейді. Олардыӊ 80% - жергілікті тұрғындар. Бірінші қыркүйектен бастап олар бұрынғы жалақыдан 30% көп алатын болады.

Шымкент. 8 шілде. Kazakhstan Today - Шымкент мегаполис атанған соӊ ондағы жалақыны көбейту бастамасын алғаш болып "Shymkent Temir" компаниясы қолдады.

"Shymkent Temir" ЖШС - Шымкент мегаполис атанған соӊ жұмысшыларыныӊ жалақысын көтерген қаладағы алғашқы кәсіпорын.

Бүгін Шымкенттіӊ әкімі Ғабидолла Ибдірахымов кәсіпорынды аралады. Ол мекеменіӊ бірінші жетекшісі Руслан Омаровқа жұмысшыларыныӊ жалақысын көтеру бастамасы үшін алғыс айтты.

Қазіргі таӊда зауытта 500-ден астам адам жұмыс істейді. Олардыӊ 80% - жергілікті тұрғындар. Бірінші қыркүйектен бастап олар бұрынғы жалақыдан 30% көп алатын болады.

"Shymkent Temir" ЖШС зауыты - болат блюм шығаратын қазақстандық кәсіпорын. Мұнда жартылай дайын өнімдер 40 тонналық индукциялық пештерде, болатты пештен тыс өӊдеу құрылғысында ж?не үш ағынды үздіксіз құю машиналарында құйылады. Жоба Қазақстан Республикасыныӊ 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.

"Оӊтүстік" индустриялық аймағында орналасқан кәсіпорынға әкімдік тарапынан 17 га жер учаскесі бөлінген. Жобаға 5,94 млрд теӊге инвестиция тартылған.

Кәсіпорынныӊ жобалық қуаты - жылына 300 мыӊ тонна құйма түріндегі болат блюм шығару. Олар әрі қарай металлургияныӊ кез келген өнімдерін: арматура, металл құрылымдар және түрлі металл бөлшектер жасауға дайын. Мұнда шығарылған өнім 100% жақын шетелге (Өзбекстан, Орталық Азия) экспортқа шығарылады.

Зауыт аумағында тұйықталған теміржол бар, газ құбыры, электр желісі мен су құбыры тартылған. Осылайша өндіріс алаӊында жобаныӊ толық жүзеге асырылуына бар жағдай жасалған.

Айта кетейік, "Shymkent Temir" ЖШС-де қызметкерлердіӊ біліктілігін арттыру бағытында үнемі жұмыс атқарылады. Кәсіпорын басшылығы зауытқа шетелден тәжірибелі мамандарды тұрақты түрде шақырып, олар зауыт персоналын оқытады және шеберлік сабағын өтіп тұрады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны