02.12.2016, 14:06 4797

Шымкент МӨЗ жаӊғырту бойынша ауқымды жоба одан әрі жүзеге асырылуда

Жаӊғырту жұмыстарыныӊ түпкі мақсаты - К4 және К5 (Еуро-4 пен Еуро-5 аналогтары) экологиялық класты моторлық отынды шығаруды игеру және зауыттыӊ мұнай өӊдеу қуатын жылына 6 млн. тоннаға дейін жеткізу болып табылады.

Шымкент. 2 желтоқсан. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысындағы "ПетроКазахстан Ойл Продактс" ЖШС-ніӊ "Шымкент МӨЗ жаӊғырту және қайта құрастыру" жобасын жүзеге асыру одан әрі жалғасуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Жаӊғырту жұмыстарыныӊ түпкі мақсаты - К4 және К5 (Еуро-4 пен Еуро-5 аналогтары) экологиялық класты моторлық отынды шығаруды игеру және зауыттыӊ мұнай өӊдеу қуатын жылына 6 млн. тоннаға дейін жеткізу болып табылады.

"ПетроКазахстан Ойл Продактс" ЖШС-ніӊ Шымкент мұнай өӊдеу зауыты қазір ұлығаусар құрылыс алаӊын елестетеді. Жуырда ғана жасыл шөп жапқан бос кеӊістікте қазір жер қазу жұмыстары жүргізіліп, топырақ үйіліп қалған, экскаваторлар жұмыс істеуде, коммуникациялар тартылып, құбырларға арнап фермалар орнатылуда. Мұнай өӊдеу зауытында жүргізіліп жатқан жұмыстардыӊ барлығы, тіпті таяуда ғана аяқталған күрделі жөндеу жұмыстары да жаӊғырту жобасыныӊ құрамдас бөлігі.

Өндіріс жөніндегі директор Болат Баетов былай дейді: "Бұл жолғы жөндеу кезінде біз зауытты жаӊғырту және қайта құруға байланысты кейбір жұмыстарды атқардық. Өйткені біз 2017 жылы изомеризация қондырғысын іске қосуды жоспарлап отырмыз. Осы жолғы күрделі жөндеу кезінде біз осы қондырғыға қатысты жұмыстарды жүргіздік".

Изомеризация қондырғысыныӊ аумағы да танымастай өзгерген. Жарты жыл бұрын мұнда құрылыс алаӊын оӊай көруге болатын. Ал қазір ауқымды аумақ жылына 600 мыӊ тонна изомеризат өндіретін қондырғыныӊ күрделі металл конструкцияларымен толтырылып үлгерген. Құрылыс жұмыстары аяқталу кезеӊіне ден қойыпты. Монтаждау жұмыстары қазірдіӊ өзінде 80 % орындалған. Ақпан айына дейін механикалық бөлігі құрастырылып бітеді деп күтілуде. Қаӊтардан бастап механикалық құрал-жабдықтардыӊ, сорғылардыӊ, компрессорлардыӊ, ауаны салқындату аппараттарыныӊ динамикалық сынақтарын бастау жоспарланып отыр. Ал маусым айында қондырғы толық жұмысқа кірісіп, өнім өндіре бастауы мүмкін.

Жаӊғырту және жобаларды бақылау департаментініӊ директоры Жүсіпбеков Сейілхан: "Қазіргі уақытта қызметкерлерді оқытып жатырмыз. Теориялық жағы осы зауытта оқытылуда. Сондай-ақ, қызметкерлер үш ай мерзіммен Атыраудағы дәл осындай қондырғымен жұмыс бойынша тәжірибелік машықтандырудан өтіп қайтты. Ал желтоқсан айында дәл осындай қондырғыдан үйреніп қайту үшін 16 адамды Қытайға жіберуді жоспарлап отырмыз",- дейді.

Изомеризация қондырғысыныӊ құрастырып іске қосу жұмыстарын Қытай компаниясы қазақстандық мамандармен бірге жүзеге асыратын болады.

Бұдан бұрын "Самұрық-Қазына" ҰК қыркүйек айында хабарлағандай, Шымкент МӨЗ-ін жаӊғырту: изомеризация қондырғысыныӊ құрылыс қарқыны едәуір ұлғайтылды.

Қазақстандық мұнай өӊдеу зауыттарын жаӊғырту және реконструкциялау - бұл елдіӊ энергетикалық тәуелсіздігін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін еӊ маӊызды міндет болып табылады. Сондықтан кез келген зауытта жұмыстардыӊ кез келген кезеӊі кәсіпорындардыӊ, сондай-ақ жұртшылықтыӊ жіті назарында болады.

Шымкент МӨЗ-ін жаӊғыртудыӊ бірінші кезеӊініӊ негізгі объектісі, изомеризация қондырғысы құрылысыныӊ келісімшартына 2014 жылы қол қойылды. Екінші кезеӊ - каталитикалық крекинг кешенін салу бойынша - келісімшарт 2015 жылы жасалды. Екі келісімшартта да ЕРС аббревиатурасы бар, бұл дегеніміз құрылысты "кілтпен тапсыру". ЕРС аббревиатурасыныӊ мағынасын естеріӊізге сала кетейік: Е - engineering/инжиниринг немесе жобалау, Р - procurement немесе сатып алу мен жеткізу, С - construction немесе құрылыс-монтаждау жұмыстары.

Бірінші кезеӊ - жобалау кезінде жетекші қазақстандық және қытайлық жобалау ұйымдарыныӊ инжиниринг бөлімдерінен 350-ден астам маман жұмылдырылды.

Жобаныӊ бірнеше маӊызды факторлары бар.

Еӊ бастысы, бұл жобаныӊ ауқымдылығы және жоғары деӊгейдегі технологиялығы. Қолданыстағы инфрақұрылымға және өндірістік процестерге "Penex" нафтаны изомеризациялау, "RFCC" ауыр қалдықтардыӊ каталитикалық крекингі, "Merox" газдарды тазалау (лицензиары - UOP, АҚШ) сияқты қазіргі заманғы технологияларды барынша тиімді қосу қажет. Сондай-ақ, "Prime G+" бензинді гидротазалау (лицензиары Axens, Франция), күкірт өндіру (СРЕ компаниясы, ҚХР) технологиялары.

Екінші фактор - лицензиарлар ұсынған инженерлік-техникалық және технологиялық шешімдердіӊ барлығы дерлік қазақстандық стандарттар мен нормативтердіӊ талаптарына толықтай жауап бермейді. Сондықтан техникалық-экономикалық негіздеме мен жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу кезініӊ өзінде бейімделу талап етілді, одан кейін әзірленген құжаттаманыӊ мемлекетік сараптамасы жүргізілді.

Келесі фактор - Бейжіӊ, Далянь, Циндао, Ченду, Үрімші қалаларында (ҚХР) 5 жобалау институтыныӊ жұмысын ұйымдастыру. Осы институттар шамамен 15 000 жұмыс сызбасын әзірлеп үлгерді, олар "КАЗГИПРОНЕФТЕТРАНС" ИК" ЖШС (КГНТ) күшімен қазақстандық нормативтік құжаттардыӊ талаптарына бейімделуде. Бұдан басқа, КГНТ жоба бойынша авторлық қадағалауды жүзеге асырады.

Еӊ соӊында, жаӊа қондырғылардыӊ тиімді жұмыс істеуі жалпы зауыттық шаруашылықтыӊ 20-дан астам объектісін салуды талап етті. Айталық, жаӊа факелді жүйе, айналма судыӊ градирені, қосалқы электр станциялары, техникалық ауа мен азотты өндіру қондырғылары, операторлық үй-жай, резервуарлық парктер, қазандықтар және басқалар салынды.

Осы уақытқа дейін изомеризация қондырғысы мен жалпы зауыттық қосалқы объектілер бойынша жұмыс құжаттамасыныӊ 98,6 %-ыәзірленді.

Бұл жұмыстардыӊ қарқынын едәуір жандандыруға және қосымша персоналды жұмылдыруға мүмкіндік берді. Изомеризация қондырғысыныӊ құрылыс алаӊдарында 780 адамға дейін, жалпы зауыттық шаруашылық объектілерінде 584 адам жұмыс істейді. Бүгінде изомеризация жобасы 70-80 %-ға, жалпы зауыттық шаруашылық объектілері - 30 %-ға орындалды, жұмыстардыӊ қарқыны ұлғаюда.

Екінші кезеӊ бойынша жұмыс құжаттамасы барынша белсенді әзірленіп жатыр, жабдықтар мен материалдарға тапсырыстарды орналастыру жалғасуда. Жер қазу жұмыстары, жабдықтар үшін іргетас қалау жүргізілуде.

Осылайша, "ПетроҚазақстан Ойл Продактс" ЖШС жаӊғырту жобасын іске асырудыӊ әрбір кезеӊінде Шымкент мұнай өӊдеу зауытыныӊ өнімділігін және өнімі сапасын арттыратын қазіргі заманғы әлемдік тәжірибелерді және Қазақстан үшін бейімделген жобалық шешімдерді енгізу бойынша белсенді жұмыс атқаруда.

Ал 2016 жылғы тамыз айындағы жағдаймен, зауытта жаӊғырту бағдарламасы бойынша жаӊа технологиялық тораптардыӊ құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Олар өнімділік қуаты жылына 600 мыӊ тонна изомерлеу қондырғысы, мазут пен вакуумдық газойлді өӊдеп, жоғары октанды мотор отынын алуға арналған өнімділік қуаты жылына 2,0 млн RFCC каталитикалық крекинг кешені.

ПКОПта жаӊғырту жобасы екі кезеӊмен жүзеге асырылады. Бірінші кезеӊде Кеден Одағыныӊ Техникалық регламентініӊ талаптарына сәйкес К4 және К5 (Еуро-4 пен Еуро-5 аналогтары) экологиялық класты моторлық отынды шығаруды игеру жоспарланып отыр.

Ағымдағы сәтте Шымкент мұнай өӊдеу зауытын жаӊғырту бағдарламасы шеӊберінде изомерлеу қондырғысында 6 785 текше метр (67%) бетон құйылды. Қондырғыда жабдықтыӊ 110 бірлігі (74%) құрастырылып, 3 400 тонна (96%) метал құрылымдарын құрастыру жұмыстары іске асырылды. Тұрба тораптарын дайындау және құбырларды құрастыру жалғасуда. Жоба бойынша құрылыс-құрастыру жұмыстарына 1 454 адам тартылды.

Жаӊғыртудыӊ екінші кезеӊі зауыттыӊ мұнай өӊдеу қуатын жылына 6 млн. тоннаға дейін көбейтуге және мұнай өӊдеу тереӊдігін ұлғайтуға арналады. Бұл кезеӊде кәсіпорынныӊ арсеналы "RFCC" каталитикалық крекинг, "Prime G+" бензинді гидротазалау, "Merox" қаныққан және қанықпаған газдардан тазарту, сутектен және т.б. тазарту қондырғыларымен толығатын болады.

Екінші кезеӊ аяқталғаннан кейін зауытта жоғары октанды бензиндерді өндіру жылына 2 270 мыӊ тоннаға дейін, дизель отыны - жылына 1 916 мыӊ тоннаға дейін, авиаотын - жылына 400 мыӊ тоннаға дейін өседі. Жоғары октанды автобензиндердіӊ үлесі 100% құрайтын болады.

Жоба бойынша барлығы 11 технологиялық қондырғылардыӊ және 29 жалпы зауыт шаруашылығы объектілерініӊ құрылысы және қайта құрастырылуы көзделіп отыр.

Бағдарлама шеӊберінде 2015 жылы желтоқсанда "нөлден" бастап салынған объекті - өнімділік қуаты жылына 4 мыӊ тонна күкірт өндіру қондырғысы пайдалануға берілді. Сол ретте жаӊа жұмыс орны ұйымдастырылып, жұмыскерлерді жаӊа технологияға оқыту-үйрету жұмыстары жүргізілді. Қондырғы бұрындары алауда өртеліп келген қышқыл газдарды қайта кәдеге асыруға, нақты тазалығы 99,9 % массамен күкірт өндіруге бағытталып отыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны