25.09.2006, 12:43 2782

Шымкент мұнай айдау зауытының күрделі жөндеуге тоқтауы рынокты жанар-жағармаймен қамтамасыз етуге әсер етпейді - РКОР өкілдері

ШЫМКЕНТ. 25-қыркүйек. Kazakhstan Today. Шымкент мұнай айдау зауытының күрделі жөндеуге тоқтауы рынокты жанар-жағармаймен қамтамасыз етуге әсер етпейді. Бұл туралы "PetroKazakhstan Oil Products" ЖШС бұқарамен байланыс бөлімінің бастығы Еркін Жұмаділ пікір білдірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Е.Жұмаділдің айтуынша, кәсіпорын басшылығы күрделі жөндеу мақсатында 12-13-қазанда зауыт жұмысын тоқтатуды көздеп отыр. Кестеге сәйкес күрделі жөндеу бір айға созылуға тиіс. "Жөндеу жұмыстары кезінде кәсіпорында қажетті жанар-жағармай қоры міндетті түрде сақталады. Идетте, жұмыстарды жоспарлы тоқтату уақыттарында мұнай өнімдерінің тапшылығы туындамайды",- деді Е.Жұмаділ.

Ал облыстық жанар-жағармай тарату бекеттері қауымдастығының төрағасы Қайыпбек Қамбаровтың Kazakhstan Today тілшісіне хабарлағанындай, қазіргі таңда облысты жанар-жағармаймен қамтамасыз ету жағдайы қанағаттанарлық деңгейде емес. "Жанармай бұрынғыдай жетіспейді. Жанармай тарату бекеттері үзіліспен жұмыс істеуде. АИ-80 жанармайының бағасы 58-60 теңге, АИ-92 жанармайының бағасы 78-80 теңге шамасында сақталып отыр",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны