22.05.2008, 17:44 4653

"Шымкентцемент" АҚ өндірістік мүмкіндігінің 50 пайызын ғана пайдаланып отыр

"Шымкентцемент" АҚ өндірістік мүмкіндігінің 50 пайызын ғана пайдаланып отыр

Шымкент. 22 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Шымкент цемент зауытының төрт пешінің тек екеуі ғана жұмыс істеп отыр өйткені зауыт жетекшілері қосымша суды пайдалануға рұқсат алмаған. Бұл туралы бүгін "Шымкентцемент"АҚ бас директоры Энтони Макли облыс әкімінің орынбасары Ислам Ибішевпен кездескен кезде мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Бүгінгі кезде бізге суды пайдалануға берілген рұқсат құжатына сәйкес тәулігіне 2 мың текше метр су беріледі, ал жылдың көлем 620 мың текше метрді құрайды. Мұндай тұтыну көлемі бойынша біз тек екі пешпен ғана жұмыс істей аламыз. Келесі аптада жер асты сулар жөніндегі жер қойнауын пайдалану құқығын алу бойынша конкурсы өткізіледі, онда біз қажетті көлемде суды пайдалану рұқсатын аламыз ба деп отырмыз. Біздің жылдық тұтыну су көлеміміз 1 миллион текше метрді құрайды ", - деп хабарлады Э. Макли.

Кездесу барысында "Шымкентцемент"АҚ бас директоры Энтони Макли облыс әкімінің орынбасары Ислам Ибішевке цемент зауытының қысқа мерзімді жұмыс жоспарымен таныстырды. Жоспар бойынша пештердің зиянды заттарды шығару көлемін азайту мақсатында қосымша жаңа электрфильтірлерін қою қарастырылған, цемент тозаңының көлемін азайту үшін қолданылып отырған электр филтірлерді басқа фильтірлерге ауыстырылады. Сондай-ақ, жүк машиналарды қоятын алаңдар жақсартылып, ішкі жолдар жөнделіп, күрделі жөндеу жұмыстары есебінен өндіріс көлемі үлғайтылып, жұмыстың тиімділігі көтеріліп, цементті тиеудің амалдары жетілдіріледі.

Бұл жобаның қаржылық мөлшері 20 млн еуро немесе $25 млн құрайды, ал оны жүзуга асыру мерзімі 20 ай.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, өткен жылдың аяғында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілігі "Шымкентцемент" АҚ 1997 және 2003 жылдары жасаған жер астын пайдалану жөніндегі келісім шартын бір жақты тәртіппен бұзды. Шарт бойынша "Қазығұрт, "Абылай", "Текесу" кен орындарының тау кен жұмыстарын дамыту жоспары әкімдікпен келісілуі тиіс болатын. Кәсіпорын сондай-ақ, өз міндеттемелерін орындамай кеніш орнынан айрылып өз жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған. Бір ай бұрын зауыт іске қосылып осы уақыт аралығында 46 мың тонна цемент шығарылды.

"Шымкентцемент" АҚ құрамына кіретін Шымкенттің цемент зауыты Оңтүстік Қазақстан облысындағы ең ірі цемент зауыты болып табылады. Кәсіпорын 1959 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бастапқыда зауыт өнімді екі тәсілмен өндіріп, күніне 750 тонна клинкер шығарып отырды, кейін қосымша төрт қондырғы орнатылып өнім көлемі 800 тоннаға жетті.

1971 жылдан бастап өндіріс номиналдық көлемге жетті. Ал 1990 жылдары өндіріс күрт төмендеп 20 тонна клинкер шығарылды. Тек 1998 жылда оның көлемі 35 тоннаны құрады. Өнім көлемінің төмендеуімен бірге өндірістік жөндеу жұмыстары да азайып зауыт жағдайы нашарлады.

Зауытты 1999 жылы шетелдік "Italcementi Group"инвесторлары сатып алған болатын. Нарықта өсіп келе жатқан сұранысты толық қамтамасыз ету үшін 2001 жылы өндірісті қалпына келтіріп жетілдіру және зауытқа жөндеу жұмыстарын жасаудың жоспары дайындалды. Бүгінде оны жүзеге асырудың соңғы сатысы орындалуда.

Ескі өндіріс желісін қалпына келтірудің мүмкіндігі болмағандықтан ол бүгінгі күні жаңадан қойылған төрт пешпен қамтамасыз етілген.

2006 жылы кәсіпорын 595 мың тонна клинкер шығарса 2007 жылы "Шымкентцемент" 825 мың тонна цемент өндірді. 2007 жылдың өндіріс көлемінің 700 мың тоннасын клинкер және 950 мың тоннасын цемент құраған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны