14.10.2016, 12:10 5027

"Шымкент-Кедендік рәсімдеу орталығында" 9 айда 8927 декларация рәсімделді

Кеден бекетініӊ басшысы Асқар Мұстапаевтыӊ айтуынша, 9 айда осы кеден бекетінде 2 млрд. 884 млн. 332,6 мыӊ теӊгеніӊ тауары рәсімделген.

Шымкент. 14 қазан. Kazakhstan Today - "Шымкент-кедендік рәсімдеу орталығы" кеден бекетініӊ мамандары жыл басынан бері тауар айналымына қатысты 8927декларацияны рәсімдеді, - деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Кеден бекетініӊ басшысы Асқар Мұстапаевтыӊ айтуынша, 9 айда осы кеден бекетінде 2 млрд. 884 млн. 332,6 мыӊ теӊгеніӊ тауары рәсімделген.

Кеше ҚР Парламентініӊ Қаржы және бюджет комитетініӊ депутаттары соӊғы үлгідегі техникамен жабдықталған бекетті аралап көрді. Оларға ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетініӊ төрағасы Дәулет Ерғожин кедендік рәсімдеу орталығыныӊ жұмыс істеу тәртібін түсіндірді. Ол "Электронды шот-фактура" ақпараттық жүйесімен таныстыра келе қағазбастылықтыӊ азайғанын жеткізді. Кеден бекеті халықаралық талаптарға сай жұмыс жүргізіп, құжат реттеу оӊайлатылғанына, кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасалғанына тоқталды.

"Егер тәуекелдерді басқару жүйесі заӊбұзушылық таппаса, шекарада барлық операциялардан өту және тауарды шығару уақыты небәрі 29 минутты құрайды. Бұл жаӊашылдықтар бизнесті дамытуға жағдай жасайды", - деді ол.

Оӊтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне қарайтын бұл орталықта 4 уақытша сақтау қоймасы, 4 кедендік қойма және 6 бос қойма бар. Кеден бекеті электронды кезекпен жабдықталып, 10 бейнакмера орнатылған.

ҚР Парламенті Мәжілісініӊ Гүлжан Қарағұсова жетекшілік ететін Қаржы және бюджет комитетініӊ депутаттары кеденніӊ жұмысын оӊ бағалап, салық және кеден заӊнамаларын жетілдіру бағытындағы ұсыныстарды тыӊдады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны