14.05.2008, 12:37 1566

"Шымкентмай" АҚ шикізатпен бір айға ғана қамтамасыз етілген

"Шымкентмай" АҚ шикізатпен бір айға ғана қамтамасыз етілген

Шымкент. 14 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Шымкенттің май өңдеу зауыты шикізаттың жоқтығынан жуырда тоқтап қалуы ықтимал. Бұл туралы агенттік тілшісіне "Шымкентмай" АҚ жоспарлау бөлімінің бастығы Наталья Харипова хабарлады.

"Қазақстанда біздің зауытқа қажетті шикізат көлемі аз көлемде беріледі. Бұл республикадағы май өңдеу зауыттарында кездесетін ортақ мәселе. Сондықтан біз шикізатты шетелден сатып аламыз. Алайда, биылғы жылы оны жасауға мүмкіндік жоқ, өйткені Ресейде және тағы да басқа мемлекеттерде туындап отырған тапшылықтың кесірінен шикізаттың бағасы тым қымбат болып отыр".

Н. Харипова экспорттық шикізаттың сатып алу бағасын айта алмады. " Мен нақты бағасын айта алмаймын, өйткені шетелде ұсынылып отырған шикізат бағасы күнде өсуде. Бір компаниядан күнделікті салып алып отырған шикізат бағасы өзгеріп өсіп отырады. Кезеңнің аяғына дейін майлы дақылдар тұқымының бағасы қандай деңгейге келетінін болжам та айта алмаймын", -деді ол.

Облыстағы май өңдейтін "Шымкентмай" АҚ мақта, сафлор, күнбағысты пайдаланады, "Алайда сафлор тек қыркүйекте болады, мақтаны сатып алу мүмкін емес, ал Ресейде күнбағыс жоқ ", - деді Н. Харипова.

Жоспарлау бөлімінің деректері бойынша "Шымкентмай" АҚ өнімінің нарықта алып отырған үлесі 23 пайызды құрайды. Бүгінгі күні Шымкенттің май өңдеу зауытының бір литр өсімдік майының құны 300 теңгеге сатылып отыр.

Соңғы аптада Шымкентте өсімдік майының бағасы 10 пайызға көтеріліп, бүгінгі күні тазартылған бір литр май құны 250-400 теңгеге жетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны