09.12.2016, 17:18 4691

Шымкентте 16 млрд. теӊге көлеміндегі жеке инвестицияға салынған еӊ үлкен ойын-сауық сауда орталығы ашылды

Шымкенттіктердіӊ қуанышымен бөлісе келген өӊір басшысы Ж.Түймебаев барша тұрғындарды Тәуелсіздіктіӊ 25 жылдық мерей тойымен құттықтады.

Шымкент. 9 желтоқсан. Kazakhstan Today - Бүгін Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ орталығы Шымкентте қаладағы еӊ ірі сауда және ойын-сауық орталығы болып табылатын "ShymkentPlaza" кешенініӊ ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Заманауи үлгіде бой көтерген кешенніӊ ашылу рәсіміне облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен елімізге танымал бірқатар азаматтар және өӊірдіӊ кәсіпкерлері қатысты.

Шымкенттіктердіӊ қуанышымен бөлісе келген өӊір басшысы Ж.Түймебаев барша тұрғындарды Тәуелсіздіктіӊ 25 жылдық мерей тойымен құттықтады.

"Бұл орталықтыӊ ашылуы ел Тәуелсіздігініӊ 25 жылдық мерекесі қарсаӊында үлкен оқиғаға баланып отыр. Мұны Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ тұрғындары үшін жерлесіміз кәсіпкер Серік Төлбасов мырзаныӊ керемет сыйы деп айтуға болады. Осындай ғимараттар көп бола берсе, қаламыздыӊ сәні кіріп, әрлене түседі. Халқымыздыӊ демалатын орны молая береді. Бұл да болса Елбасымыздыӊ кәсіпкерлікке жасаған қамқорлығыныӊ арқасында іске асып отырған дүние", - деді облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы.

Аталған орталықтыӊ құрылысына жеке инвестиция жұмсалған. Халықаралық деӊгейдегі ерекше орталықта 500-ге жуық жаӊа жұмыс орны ашылып отыр.

Жалпы аумағы 48 мыӊ 400 шаршы метрді құрайтын сауда ойын-сауық орталығы Шымкент қаласындағы еӊ ірі сауда орталықтарыныӊ біріне айналып отыр. Жобаныӊ құрылысы әлемдік деӊгейдегі ірі сауда орталықтарыныӊ жобалық авторлары болған әйгілі ұлыбританиялық - Benoy архитектуралық компаниясыныӊ әзірлеуімен іске асырылғанын да айта кеткен жөн.

Енді мұнда "Chopette", "Orchestra", "New Yorker", "Lichi" сынды әлемдік брендтердіӊ өнімдері саудаланады. Сондай-ақ орталыққа келушілер әйгілі "KFC" және "Hardees" тамақ өндірушілерініӊ өнімдерін тұтынатын болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны