06.07.2018, 15:16 7262

Шымкентте 3 әлеуметтік маӊызы бар маршрутта жүретін 30 автобустыӊ таныстырылымы өтті

Бүгінде қала тұрғындары мен қонақтарына 26 көлік компаниясы 70 бағытта 1100 көлік құралымен қызмет көрсетуде. Сонымен қатар, қалада автопарктерді жаӊарту бойынша жұмыстар жалғасатындығын атап өтті.

Шымкент. 6 шілде. Kazakhstan Today - Бүгін Шымкентте 3 әлеуметтік маӊызы бар маршрутта жүретін 30 автобустыӊ таныстырылымы өтті.

"Бүгін Шымкентте қоғамдық көліктердіӊ қызметіне қойылар талап пен міндет ауқымы арта түсуде. Естеріӊізде болса, 2017 ж. қала әкімдігініӊ басқарушы құрамы бір ай көлемінде қызмет орнына қоғамдық көлікпен қатынаған болатын. Соныӊ нәтижесінде, қоғамдық көлік саласында бірқатар өзекті мәселелерді анықталды. Солардыӊ бірі, қалада шалғай жатқан және жолаушылар ағымы төмен шағынаудандарды қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету. Бұл мақсатта әлеуметтік маӊызы бар 10 маршрут айқындалып, оныӊ алғашқы 3 маршрутында жүретін 30 автобусты алдарыӊызда таныстырып отырмыз. Сондай-ақ, "T-bus" ЖШС қалған 70 автобусты алып келуге міндеттеніп отыр" - деді Шымкент қаласыныӊ әкімі Ғабидолла Ибдірахымов.

Бүгінде қала тұрғындары мен қонақтарына 26 көлік компаниясы 70 бағытта 1100 көлік құралымен қызмет көрсетуде. Сонымен қатар, қалада автопарктерді жаӊарту бойынша жұмыстар жалғасатындығын атап өтті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны