01.12.2016, 12:01 4366

Шымкентте автобустар мен көлік бөлшектерін құрастыру жоспарланып отыр

Зауыт жылына 100-150 автобус шығаруды жоспарлауда. Қазірше кәсіпорынға 1 млн.доллар қаржы құйылған. Келесі жылы зауыт басшылығы сервистік орталық құрмақшы.

Шымкент. 1 желтоқсан. Kazakhstan Today - Шымкентте автобус құрастыратын зауыт іске қосылмақшы, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Жергілікті зауыттыӊ басты серіктесі "Мерседес" неміс автокомпаниясы болады. Зауыт жылына 100-150 автобус шығаруды жоспарлауда. Қазірше кәсіпорынға 1 млн.доллар қаржы құйылған. Келесі жылы зауыт басшылығы сервистік орталық құрмақшы. Бұл кәсіпорын 100 адамнан жоғары адамды жұмыспен қамтамасыз ете алады.

Идея авторлары дайын машиналарды сырттан әкелгенше, қоғамдық көлік бөлшектерін құрастырған тиімдірек деген тұжырым жасады. Бұл дәл сол зауытта құрастырылған жеӊіл автокөліктерді 30%-ға төмен бағада сатып алуға және автобустардыӊ істен шыққан бөлшектерін оӊай алмастыруға мүмкіндік береді.

Алайда, зауыт қазір қалалық әкімдіктіӊ қолдауы мен ынтымақтастығына зәру.

"Бұл автобустар - әлеуметтік жоба болып табылады. Сондай-ақ, мүгедектерге арналған еуропалық үлгідегі арнайы автобустар да жасалынады. Қазір бізге "Мерседес" неміс компаниясыныӊ өкілі келіп, келіссөздер жүргізудеміз. Олар бізбен бірге жұмыс жасауға дайын екендерін айтты. Автобустар экологиялық нормаларға сай болады. Қазір автобустардыӊ үлгілері таӊдалуда, бекітілгенін күтудеміз", - деп түсіндірді "Казбельтехника" сауда үйініӊ бас директоры Бақыт Жасұзақов.

Икімдіктіӊ ақпаратына сәйкес, Оӊтүстік Қазақстан облысында бүгінгі күні 545 мыӊнан аса автокөлік құралдары тіркелген, оныӊ ішінде 211 мыӊ данасы Шымкент қаласында. Облыста 2,7 мыӊ автобус жергілікті атқарушы органдармен түзілген келісім шарттар негізінде қоғамдық жолаушылар тасымалымен айналысады.

Қоғамдық жолаушылар тасымалы қызметін облыстағы 59 жеке меншік нысанындағы тасымалдаушылар атқарады.

Облыстағы барлық қоғамдық жолаушылар тасымалдау бағыттар желісі бүгінгі күні 401 бағыттағы 2166 кестеден тұрады.

Ауданаралық бағыттар бойынша 28 тасымалдаушымен 122 бағытқа (427 кесте), облысаралық бағыттар бойынша 13 тасымалдаушымен 31 бағытқа (75 кесте) келісім шарт түзілген.

2015 жылы ауданаралық бағыттарда 15, Шымкент қаласы бағыттарында 210, барлығы 225 автобус жаӊартылды.

Облыс аумағында 8 автовокзал мен 23 автобекет тізілімге енгізілген.

Тұрақты облысаралық бағыттардыӊ негізгі құрамындағы 5 автобустыӊ барлығына, ауданаралық бағыттар бойынша 427 автобустыӊ 231-не (54%) және Шымкент қалалық бағыттар бойынша 1108 автобустыӊ 997-не (90%) GPS жүйесі орнатылған.

Облысішілік ауданаралық қалааралық жолаушылар тасымалдау бағыттарындағы жолақы құны 1 шақырымы 3,7 теӊгені құрайды.

Шымкент қаласындағы автобустар мен шағын автобустардағы жолақы құны 50 теӊге.

Бүгінгі күні облыста қажеттілігіне және жол жағдайына байланысты автокөліктер бара алатын 766 елді мекенніӊ 89,9 пайызы (689 е.м.) қоғамдық жолаушылар тасымалымен қамтамасыз етілген. Облыста 2020 жылы аталған көрсеткішті 100%-ға жеткізу жоспарлануда.

Облыс бойынша әлеуметтік маӊызы бар облысішілік Шымкент - Түркістан және Шымкент - Сарыағаш теміржол бағыттары бойынша аптасына 5 реттен қатынайды. 2015 жылға облыс бюджетінен субсидиялауға 173,1 млн теӊге қаралып, 223,3 мыӊ жолаушы тасымалданған. 2016 жылға облыс бюджеттен субсидиялауға 176,8 млн. теӊге қаралды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны