15.09.2016, 11:15 4642

Шымкентте азық-түлік белдеуі құрылады - әкімдік

"Қаланы азық-түлікпен қамтамасыз ететін аграрлық секторда шағын және орта бизнес белдеуін құруды тапсырамын. Сонымен қатар, жасыл белдеу құру мақсатында бақтар мен орман аймағындағы жерлерге толық тексеру жүргізу қажет деп білемін, - деді ол.

Шымкент. 15 қыркүйек. Kazakhstan Today - Шымкентте азық-түлік белдеуі құрылады. Бұл жөнінде Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Бейбіт Атамқұлов ҚР Президентініӊ тарапынан берілген тапсырмалардыӊ орындалу бойынша өткен кеӊейтілген мәжілісте айтты.

ОҚО әкімдігі хабарлағандай, жиында Шымкент қаласыныӊ әкіміне қаланыӊ даму жоспарына қатысты бірқатар тапсырмалар берді.

Шымкент қаласын агломерациялық орталық ретінде дамыту мақсатында және қала халқын азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін облыстыӊ аудандары мен Шымкент қаласыныӊ арасында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өӊдеу өндірістерін құруға байланысты меморандумға қол қойылады.

"Қаланы азық-түлікпен қамтамасыз ететін аграрлық секторда шағын және орта бизнес белдеуін құруды тапсырамын. Сонымен қатар, жасыл белдеу құру мақсатында бақтар мен орман аймағындағы жерлерге толық тексеру жүргізу қажет деп білемін, - деді ол.

Сондай-ақ, Елбасыныӊ тапсырмаларына орай, өӊірдіӊ және аудан, қалалардыӊ аймақтық даму картасы жасалады.

Бұдан бұрын да хабарланғандай, еліміздіӊ бас қаласын сапалы да қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі сонау бір астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру кезеӊі басталған алғашқы жылдарда-ақ күн тәртібіне қойылған болатын. Астананыӊ авторы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сол кезеӊніӊ өзінде-ақ Үкіметтіӊ, Ауыл шаруашылығы министрлігі мен қала әкімдігініӊ алдына "Астананыӊ азық-түлік белдеуін құру" туралы кешенді міндет қойған болатын. Ғасырлар тоғысы басталған сәтте Астана қаласыныӊ және Ақмола облысыныӊ әкімдіктері Мемлекет басшысыныӊ осы тапсырмасына байланысты бас қала төӊірегінде орналасқан аудандардыӊ қаланы ет, сүт, жұмыртқа және көкөніс өнімдерімен толық қамтамасыз етіп тұруы жөнінде өзара тиімді келісім жасап, арнаулы құжаттарға қол қойған болатын. Елбасы түрлі жылдары Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында еліміздіӊ азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы стратегиялық тапсырмаларды күн тәртібіне қойды. Осыған байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігі "2010-2014 жылдарда Астана қаласыныӊ төӊірегінде азық-түлік белдеуін құру жөніндегі бағдарлама" белгіледі. Міне, жоғарыда айтылған шаралар барысында бірқатар компаниялар Астана қаласын барлық азық-түлік өнімдерімен, көкөністіӊ барлық түрлерімен қамтамасыз ету туралы кешенді шаралар жасаған болатын. Кейін мұндай азық-түлік белдеулерін құру туралы мақсаттарды басқа да бірқатар қалалар алға қойды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны