25.07.2011, 13:10 3336

Шымкентте энергия үнемдейтін шамдар шығарыла бастады

Жергілікті өнім Ресейде өндірілген баламаларымен салыстырғанда ширек есеге арзан. Сондықтан, ол нарықта бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие, деп жазады "Казахстанская правда" басылымы.

Алматы. 25 шілде. Kazakhstan Today - Энергия үнемдейтін отандық шамдарды өндіру жөніндегі инвестициялық жобаны Шымкентте "MaxLight Group" ЖШС жүзеге асыруда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Жергілікті өнім Ресейде өндірілген баламаларымен салыстырғанда ширек есеге арзан. Сондықтан, ол нарықта бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие, деп жазады "Казахстанская правда" басылымы.

Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 5 807 мың шам өндіруге мүмкіндік береді. Егер, Оңтүстік Қазақстан облысының қажеттілігі жылына 9 млн дана шам деп алар болсақ, жаңа өндіріс орны өңір нарығын 65 пайызға қамтамасыз ете алады. Тек бюджеттік ұйымдар жылына 367 мың шамды қажет етеді екен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны