06.09.2016, 13:31 3446

Шымкентте қалалық бюджеттен аяқжолдар және велосипед жолақтарын салуға 2 353.0 млн. теӊге қаржы қаралған

Коммуналдық шаруашылық бағдарламасы бойынша аталған салаларға биылғы жылы 6,5 млрд тг жуық қаржы бөлінді. Бұл дегеніміз өткен жылғымен салыстырғанда 1,2 млрд теӊгеге өскен. Ал, 2015 жылға қарағанда 13,3 млрд теӊгеге артық..

Шымкент. 6 қыркүйек. Kazakhstan Today - Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласы қала тұрғындары үшін еӊ маӊызды саланыӊ бірі болып табылады, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Сол себепті, коммуналдық шаруашылық бағдарламасы бойынша аталған салаларға биылғы жылы 6,5 млрд тг жуық қаржы бөлінді. Бұл дегеніміз өткен жылғымен салыстырғанда 1,2 млрд теӊгеге өскен. Ал, 2015 жылға қарағанда 13,3 млрд теӊгеге артық..

Осылайша көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша өткен жылмен салыстырғанда бөлінген қаржыныӊ көлемі шамамен 6 млрд тг өскен.

Осыған байланысты қалаішілік жолдардыӊ жалпы ұзындығы 2810 шақырым және 2331 шақырымға дейін өсті.

2016 жылы жергілікті бюджет есебінен шаһардағы 21 көше жарықтандырылды. 6 саябақта түнгі шамдар қойылып, 30 жолақты жолдар төселді.

Жарықтандыру бойынша осы уақыт ішінде қала аумағында 30 мыӊ дана жарық шырақтары орнатылған.

Ол 24 көше мен 689 аула, қосымша 4 көшеге қайта құру жұмыстары жүргізіліп, қазан айына дейін пайдалануға берілмек. Бұған жергілікті бюджеттен 455.7 млн. теӊге бөлінген.

Исіресе шаһарда жаяу жүргіншілер мен велосипедшілерге арналған жолдардыӊ құрылысы қарқынды түрде жүргізілуде. Биыл қалалық бюджеттен аяқжолдар және велосипед жолақтарын салуға 2 353.0 млн. теӊге қаржы қаралған.

Айта кетерлігі, қазіргі таӊда қала әкімі Ғабидолла Ибдірахымовтыӊ тапсырмасына сәйкес "Таза қала", "Таза аула" құру үшін шаһардағы тұрғын үй аулаларында жаӊа қоқыс сандықтарын орнату әрі жаӊарту құрылысы бойынша жұмыс істелінуде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны