14.08.2009, 18:27 3113

Шымкентте Қазақстан мен Сауд Арабиясының бизнес-форумы өтуде

Шымкентте Қазақстан мен Сауд Арабиясының бизнес-форумы өтуде

Шымкент. 14 тамыз. Kazakhstan Today - Шымкентте бүгін Қазақстан мен Сауд Арабиясының екі күндік бизнес-форумы басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, форумға "Оңтүстік" ИКК, "Оңтүстік" ЕЭА өкілдері, облыс кәсіпкерлері, 18 араб компаниясының өкілдері мен Қазақстандағы Сауд Арабиясы елшілігінің өкілдері қатысуда.

Форумда ауылшаруашылығы, құрылыс индустриясы, жеңіл және азық-түлік өнеркәсібі саласындағы 50-ден астам инвестициялық жобаның тұсаукесері жасалды. Таныстырылған жобалардың арасында Келес өзенінде бес шағын Су электр станциялары каскадын салу (жоба құны $800 мың), жеңіл тікұшақтар шығару ($100 млн), вермикулит өндірісінің инфрақұрылымын жасау ($942 мың), полиэтилентерефталат (қатты полимер, металл түрлерін алмастырғыш) өндіретін зауыт ($80 млн), кептірілген қарбыздан экспортқа бағытталған өнім өндіру (94 млн теңге) секілді жобалар бар.

Форум барысында араб кәсіпкерлері "Оңтүстік" еркін экономикалық аймағында болады, баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, оған меймандар үлкен қызығушылық танытуда.

Форум қорытындысы бойынша араб және қазақ компаниялары арасында ынтымақтастық жөніндегі ниет шартына қол қойылады. "Біз бүгінгі келіссөздердің нәтижесінде еліміздің кәсіпкерлері мен араб жағының өкілдері таяу уақыттарда жүзеге асырылатын бірқатар келісім-шарттарға қол қояды деп сеніп отырмыз", - деді ОҚО әкімінің бірінші орынбасары Берік Оспанов.

Бұл - кейінгі жылдардағы үшінші Қазақстан - Сауд Арабиясы бизнес-форумы. 2007 жылы осындай форумдар Астана мен Алматыда өткізілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны