09.01.2009, 11:59 2335

Шымкентте судың тарифі 10% көтерілді

Шымкентте судың тарифі 10% көтерілді

Шымкент. 9 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте су мен кәріз тарифі көтеріліп, судың бір текше метріне 52 теңге 44 тиынды құрады. Бұл туралы ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облыстық басқармасының бастығы Нұрмахан Жолдасов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Кеше Н.Жолдасов журналистерге ҚҚС 13-тен 12% дейін төмендетілгеніне сәйкес коммуналдық қызметтердің тарифтерінің өзгергені жайлы мәлім етті. Сонымен бірге ол Шымкентте судың тарифі 10% көтерілгенін жеткізді.

Департамент мәліметінше, қала тұрғындары үшін жаңа тариф ауыз су бергені үшін 38 теңге 60 тиын, кәріз қызметі үшін - 13 теңге 84 тиынды құрайды. Қала тұрғындары үшін жиынтық тариф судың бір текше метріне 52 теңге 44 тиын болмақ (ҚҚС қоса есептегенде).

Ал басқа коммуналдық қызметтердің тарифтері Шымкентте 1 қаңтардан бастап мынадай: электр қуаты - 8 теңге 96 тиын 1 кВт/сағ үшін; жылу - 86 теңге 63 тиын 1 шаршы метр алаң үшін; газ - 16 теңге 02 тиын 1 текше метріне.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны