18.10.2011, 14:38 3519

Шымкентте сұйытылған газдарды тасымалдауға арналған цистерналарға қызмет көрсететін кәсіпорын ашылды

Шымкенттің индустриялық аумағында газ вагон-цистерналарды жөндеу және қызмет көрсетумен айналысатын Қазақстандағы екінші кәсіпон өз жұмысын бастады.

Шымкент. 18-қазан. Kazakhstan Today - Шымкентте сұйытылған газдарды тасымалдауға арналған цистерналарға қызмет көрсететін кәсіпорын ашылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Шымкенттің индустриялық аумағында газ вагон-цистерналарды жөндеу және қызмет көрсетумен айналысатын Қазақстандағы екінші кәсіпон өз жұмысын бастады.

"ЮгРемГаз" ЖШС кәсіпорны сұйытылған көмірсутекті газдарды тасымалдауға арналған вагон-цистерналарға қызмет көрсету және сұйықтық құюға дайындау жұмыстарын жүргізетін болады.

Белгіленгендей, бұған дейін мұндай жұмыстар тек Күлсары (Атырау облысы) қаласында ғана жүретін және вагондарды онда жөндету үшін барша республиканы айнала тасымалдауға тура келді.

Жаңа кәсіпорынның инвесторлары салық күйінде бюджетке жыл сайын 30 млн теңге аударуды жоспарлап отыр.

"ЮгРемГаз" ЖШС жылына 1200 цистернаға қызмет көрсете алады. Кәсіпорынға 50 адам жұмысқа тартылады деп көзделген. Жалпы индустриялық аймақта барлығы 31 жоба іске қосылыпты, онда 2 мың адам еңбектенуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны