05.04.2010, 17:52 4091

Шымкентте жол салушы компаниялар тендерлерде жеңіп алған қаржысын ала алмай отыр

Шымкентте жол салушы компаниялар тендерлерде жеңіп алған қаржысын ала алмай отыр

Шымкент. 5 сәуір. Kazakhstan Today - Шымкентте жол салуға тендерді жеңіп алған компаниялар тендер келісім-шарттары бойынша қаржысын ала алмай отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today құрылыс компанияларының басшыларына сілтеме жасап.

Шымкентте "Жол картасы" бағдарламасының аясында алты көшедегі автокөлік жолдарын жөндеуге 1 млрд 300 млн теңге бөлінген. Соған сәйкес тендер өткізіліп, алты жеңімпаз анықталған. 14 наурызда құрылысшылар хаттама алған, 19 наурызға дейін жеңімпаздармен шарт жасалуы керек болған. Алайда, құрылыс компанияларының өкілдерінің айтуынша, келісім-шарты тек 29 наурызда ғана дайын болды.

"Дегенмен, бізге әлі де 30%-ы төленбей отыр. Мен Абай көшесіндегі жөндеу жұмыстарын өз қаражатыма бастап жібергелі де біраз уақыт өтті, өйткені, менде хаттама болды, және мен ақша жуырда аударылады деп сендім", - деді "Береке А" корпорациясының жетекшісі Рәшкүл Оспаналиева.

"Біз де ақшаны ала алмай отырмыз. Рысқұлов көшесіндегі тендердә жеңіп алғанбыз. "Жол картасы" бағдарламасының аясында адамдарды да жинап алдық, бірақ қажетті материалды сатып ала алмай отырмыз. Ақша әлі күнге жоқ", - деді "Түркістан жол сервис" компаниясының өкілі.

Оның айтуынша, ақшаның бөлінбей кешеуілдеу себебін ешкім де түсіндіріп отырған жоқ. "Икімшілікке барсақ, ертең келіңдер, бүрсігүні келіңдер деп шығарады..." - деді ол.

Р. Оспаналиеваның айтуынша, қазынашылық мекемесі арқылы қаржы өткен. "Икімдікте бірнеше күннен бері хабарландыру жатыр, бірақ олар қол қоймай отыр. Ал қол қоймау себебін білмеймін", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны