30.09.2016, 08:54 7363

Шымкенттен Алматыға ауыл шаруашылығы өнімдерініӊ керуені аттанды

Қазан айыныӊ 1 күні Алматыда ұйымдастырылатын ауыл шаруашылығы жәрмеӊкесіне 50-ден астам оӊтүстікқазақстандық тауарөндіруші қатысады деп күтілуде.

Шымкент. 30 қыркүйек. Kazakhstan Today - Кеше Оӊтүстік Қазақстан облысынан Алматы қаласына ауыл шаруашылығы өнімдерініӊ керуені жолға шықты,-деп хабарлайды облыс әкімініӊ баспасөз қызметі.

Жалпы көлемі 320 тонна болатын өнімдердіӊ құрамында 60 тонна ет және ет өнімдері, 106 тн көкөніс, 29 тн жеміс-жидек, 16 тн картоп, 7 тн сүт өнімдері, 5 тн шұбат, 25 мыӊ дана жұмыртқа, 45 тн бақша өнімдері, 5 тн балық, 5 тн кептірілген жеміс, 27 тн қауын мен 15 тн басқа да өнімдер бар. Аталған ауыл шаруашылығы өнімдерініӊ жалпы құны 125,7 млн. теӊгені құрайды.

Қазан айыныӊ 1 күні Алматыда ұйымдастырылатын ауыл шаруашылығы жәрмеӊкесіне 50-ден астам оӊтүстікқазақстандық тауарөндіруші қатысады деп күтілуде. Оӊтүстік астанада ұсынылатын ауыл шаруашылығы дақылдарыныӊ шарасында саудаланатын өнімдер базар нарқынан 15-20 пайызға арзан сатылатын болады.

Бұдан бұрын да хабарланғандай, облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов жыл басында өӊір халқына берген есебінде ауылшаруашылығы саласында болашақта атқарылатын жұмыстар жайлы былай деген еді:

Үшіншіден. Ауылшаруашылық саласын дамыту.

Бұл саланыӊ потенциалы өте үлкен.

Сондықтан да, келесі бесжылдықта бұл саланы дамытуға ерекше көӊіл бөлінетін болады.

Ауылшаруашылық саласын реформалаудыӊ басты бес бағытын белгіледік.

Бірінші. Суармалы жерлерді ұлғайту. Мемлекеттік бағдарлама аясында алдағы 5 жылда қарастырылған қаржыныӊ бестен бірі облысқа бөлінеді.

Нәтижесінде, бес жүз жиырма бес (525 мыӊ) мыӊ гектар жердіӊ су жүйелері жақсарады.

Екінші. Фермерлерге берілетін төмен пайызды несие көлемін арттыру.

Биыл бұл мақсатта "Максимум" орталығы арқылы 10 млрд. теӊге бөлінеді.

Бұл өткен жылмен салыстырғанда қырық бес пайызға (45%) өсіп отыр.

Үшінші. Кооперативтерге қарасты МТС-тер ашу.

Төртінші. Бүгінгі таӊда ғылыми негізсіз ауылшаруашылығы бәсекеге қабілетті бола алмайды.

Сондықтан, әрбір ауданда Ғылыми консультациялық қызмет көрсететін орталықтар ашылатын болады.

Бесінші. Ирбір ауданныӊ потенциалы мен климатына сәйкес дамудыӊ басым бағыттары айқындалды.

Мәселен, таулы аудандарда интенсивті бау шаруашылығы қолға алынатын болады.

Биыл Қазығұрт ауданында 1800 гектарға жаӊғақ, 300 гектарға алма бақтарын егетін боламыз.

Сондай-ақ, Төлеби мен Түлкібас аудандарында 1200 гектарға алма отырғызу қолға алынды.

Осы аудандарда бау және оны қайта өӊдеу кластері құрылатын болады.

Таулы аудандардыӊ тағы бір басым бағыты - сүт кластерін дамыту.

Мақтарал ауданында мақта шаруашылығын қайтадан қолға аламыз.

Ол үшін мақтаныӊ егіс алаӊын ұлғайтамыз. Ал, өнімділігін арттыру бойынша - арнайы бағдарлама қабылданады.

Бүгінде республика бойынша жылыжайлардыӊ 46 пайызы - Сарыағашта.

Сарығаш - көкөнiс өндiретін нағыз "фабрикаға" айналуы тиіс.

Ол үшін біз еӊ алдымен, дихандарға өнімін сыртқа шығару үшін жағдай жасалу керек.

Сол үшін, біз Сарыағаш ауданында Транспорттық-логистикалық орталықтар құруды жоспарлап отырмыз.

Бұл - Елбасыныӊ тапсырмасы.

Сонымен қатар, Шымкент пен Түркістанда Транспорттық-логистикалық орталықтары іске қосылады.

Сырдыӊ бойында 80 мыӊ гектар жаӊа суармалы жерлер қосылады. Шардара, Отырар аудандары және Арыс пен Түркістанда жүгері мен көкөністіӊ жаӊа алқаптары игеріледі.

Созақ, Бәйдібек аудандарында мал шаруашылығын дамытатын боламыз.

Түркістан индустриалдық аймағында шұбат зауыты салынбақ. Бұл - экспортқа бағытталған өндіріс.

Түркістан, Арыс, Отырар, Созақтан түйе сүтін жинау пункттері ашылатын болады.

Қой етін экспорттау бойынша жұмыстар қайта қолға алынды. Жақында қой етініӊ алғашқы партиясы Иран Республикасына жолданады.

Оӊтүстік Қазақстан облысында 1991 жылы облыс бойынша 163,4 мыӊ тонна көкөніс жиналса, биылғы жылы 866 мыӊ тоннаға, яғни бес есеге артып отыр. Бұл туралы Аймақтық коммуникациялар қызметінде "Тәуелсіздік жетістіктері" тақырыбында өткен брифингте жуырда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасыныӊ басшысы Серік Тұрбеков мәлім етті.

Оныӊ айтуынша, егін шаруашылығы бойынша жүргізілген жүйелі әртараптандырудыӊ арқасында 1991 жылмен салыстырғанда майлы дақылдардыӊ егіс көлемі 73 мыӊ гектардан 80 мыӊ гектарға, бақша 49 мыӊнан 59 мыӊ гектарға, ал көкөніс 27 мыӊ гектардан 40,4 мыӊ гектарға, картоп 9 мыӊ гектардан 15,3 мыӊ гектарға артқан. Сондай-ақ, егіс көлемімен қатар алынған өнім көлемі де артқан. Мәселен, 1991 жылы облыс бойынша 163,4 мыӊ тонна көкөніс жиналса, биылғы жылы 866 мыӊ тоннаға, яғни бес есеге артып отыр.

Брифингте мәлім болғандай биылғы жылы орташа есеппен - 470 мыӊ тонна астық жиналып, түсімділігі орташа 22 цн/га құраған. Ал 1991 жылы астықтыӊ түсімділігі гектарына 17,8 центнер болған. Оӊтүстік шаруалары өздерініӊ еӊбекқорлығымен Қазақстанныӊ Тәуелсіздік кезеӊіндегі еӊ үлкен рекордтық көрсеткішке қол жеткізіп отыр.

"1999 жылдыӊ аяғында бұрынғы 182 ұжымшар-кеӊшар және мемлекеттік шаруашылықтар базасында жеке меншікке негізделген 20 мыӊнан астам ауыл шаруашылығы құрылымдары пайда болды. Бүгінгі күнге олардыӊ саны 70 мыӊнан асты. Сондай-ақ, мемлекеттіӊ ауыл шаруашылығы саласын тікелей қолдауы мен облыс әкімдігі тарапынан жүргізілген жүйелі жұмыстыӊ нәтижесінде, 2010 жылдан бері мал шаруашылығыныӊ өнім үлесі 45%, ал өсімдік шаруашылығыныӊ үлесі 55 % құрады",-деді басқарма басшысы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны