04.09.2018, 15:01 4336

Шымкенттіктер үшін "7-20-25" бағдарламасыныӊ алғашқы жарнасы екі есе арзандады

Шымкент қаласыныӊ жас отбасылары мен бюджеттік сала қызметкерлері баспана бағасыныӊ 10 пайызын алғашқы жарна ретінде төлеп, "7-20-25" бағдарламасына қатысуға мүмкіндік алды.

Алматы. 4 қыркүйек. Kazakhstan Today - Шымкент қаласыныӊ жас отбасылары мен бюджеттік сала қызметкерлері баспана бағасыныӊ 10 пайызын алғашқы жарна ретінде төлеп, "7-20-25" бағдарламасына қатысуға мүмкіндік алды.

Тиісті Меморандумға "Баспана" Ипотекалық ұйымыныӊ басшысы Қайрат Алтынбеков пен Шымкент қаласыныӊ әкімі Ғабидолла Ибдірахымов қол қойды.

Екі жақты келісім бойынша, азаматтардыӊ аталмыш санатына Шымкент қаласыныӊ әкімдігі ұзақ мерзімді, жеӊілдетілген несие беру арқылы алғашқы жарнаныӊ жартысын төлеп бермек.

Осы мақсатта биылғы жылы бөлінген сома 500 млн. теӊгені құрайды. Жалпы, алдағы 2 жылдыӊ көлемінде, Шымкент әкімдігі өз тұрғындары үшін "7-20-25" бағдарламасыныӊ алғашқы жарнасын төмендетуге 2 млрд. теӊге жұмсамақ. Осы арқылы, әкімдік шамамен 2 мыӊ жас отбасы мен бюджеттік сала қызметкерлерін әлеуметтік қолдаумен қамтуды жоспарлап отыр.

"Шымкент "7-20-25" бағдарламасына қатысып жатқан тұрғындарына жергілікті әкімдіктер қолдау көрсететін бірлескен жобаны іске асыратын тұӊғыш өӊір атанып отыр. Өз кезегінде, осы игі бастаманы біз басқа да өӊірлермен бірлесіп, жүзеге асыруға дайынбыз", - деді, "Баспана" Ипотекалық ұйымыныӊ басқарма төрағасы Қайрат Алтынбеков.

Шымкент қаласыныӊ әкімі Ғабидолла Ибдірахымов қалада "7-20-25" бағдарламасы бойынша 500 мыӊ шаршы метр тұрғын үй салынатынын хабарлады. Бұл 8 333 пәтер. Қазіргі таӊда, Шымкент қаласыныӊ тұрғындары ЦентрКредит, АТФБанк, Цеснабанк, Bank RBK мен Еуразиялық банк арқылы ипотекалық несие ала алады, деп хабарлайды "Баспана" Ипотекалық Ұйымыныӊ Сыртқы коммуникациялар қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны