17.10.2016, 14:38 4698

Шымкенттіӊ Бозарық шағынауданында жаӊа мал сою бекеті іске қосылады

Шымкентте жаӊа мал сою бекеті іске қосылады.Бозарық шағынауданында аумағы бір гектар жерге салынып жатқан бекетте күніне 200-ден астам ұсақ мал союға мүмкіндік болады, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігініӊ баспасөз қызметі.

Шымкент. 17 қазан. Kazakhstan Today - Шымкентте жаӊа мал сою бекеті іске қосылады.Бозарық шағынауданында аумағы бір гектар жерге салынып жатқан бекетте күніне 200-ден астам ұсақ мал союға мүмкіндік болады, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігініӊ баспасөз қызметі.

Бұл бекет жеке кәсіпкерлер есебінен тұрғызылып жатыр. Еске сала кетейік, Дулати көшесіндегі жеке үйлерде мал союға тыйым салынып, қала әкімі Ғабидолла Ибдірахымов кәсіпкерлерді қолдау мақсатында бұл кәсіптерін жалғастыру үшін қала аумағынан жер телімін бөлген-ді. Нәтижесінде қаланыӊ орталығында орналасқан үйлерде мал саудасы мен оны бауыздау кәсібін тоқтату туралы шешім қабылданды. Алдағы уақытта қалалықтар заман талабына сай үлгіде салынған бекеттен мал алып, сол жерде сойдырып ала алады, делінген әкімдік таратқан хабарламада.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, мемлекет басшысы отандық өнім өндірушілердіӊ мүддесін қорғауға қатысты бірқатар тапсырмалар берген болатын. Осы орайда Мемлекет басшысы Қазақстанда өндірілген өнім бәсекеге қабілетті болуға тиіс, "Қазақстанда жасалған" деген брендпен шығарылатын әрбір өнім мынадай төрт сипаттамаға сай келуге тиіс: сапалы, ыӊғайлы, әдемі және әсіре қымбат емес.

Бұдан бұрын да хабарланғандай, бұған дейінгі облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов өӊір халқына берген есебінде ауылшаруашылығы саласында болашақта атқарылатын жұмыстар жайлы былай деген еді:

Үшіншіден. Ауылшаруашылық саласын дамыту. Бұл саланыӊ потенциалы өте үлкен.

Сондықтан да, келесі бесжылдықта бұл саланы дамытуға ерекше көӊіл бөлінетін болады.

Ауылшаруашылық саласын реформалаудыӊ басты бес бағытын белгіледік.

Бірінші. Суармалы жерлерді ұлғайту. Мемлекеттік бағдарлама аясында алдағы 5 жылда қарастырылған қаржыныӊ бестен бірі облысқа бөлінеді.

Нәтижесінде, бес жүз жиырма бес (525 мыӊ) мыӊ гектар жердіӊ су жүйелері жақсарады.

Екінші. Фермерлерге берілетін төмен пайызды несие көлемін арттыру.

Биыл бұл мақсатта "Максимум" орталығы арқылы 10 млрд. теӊге бөлінеді.

Бұл өткен жылмен салыстырғанда қырық бес пайызға (45%) өсіп отыр.

Үшінші. Кооперативтерге қарасты МТС-тер ашу.

Төртінші. Бүгінгі таӊда ғылыми негізсіз ауылшаруашылығы бәсекеге қабілетті бола алмайды. Сондықтан, әрбір ауданда Ғылыми консультациялық қызмет көрсететін орталықтар ашылатын болады.

Бесінші. Ирбір ауданныӊ потенциалы мен климатына сәйкес дамудыӊ басым бағыттары айқындалды. Мәселен, таулы аудандарда интенсивті бау шаруашылығы қолға алынатын болады. Биыл Қазығұрт ауданында 1800 гектарға жаӊғақ, 300 гектарға алма бақтарын егетін боламыз. Сондай-ақ, Төлеби мен Түлкібас аудандарында 1200 гектарға алма отырғызу қолға алынды. Осы аудандарда бау және оны қайта өӊдеу кластері құрылатын болады. Таулы аудандардыӊ тағы бір басым бағыты - сүт кластерін дамыту.

Мақтаарал ауданында мақта шаруашылығын қайтадан қолға аламыз. Ол үшін мақтаныӊ егіс алаӊын ұлғайтамыз. Ал, өнімділігін арттыру бойынша - арнайы бағдарлама қабылданады. Бүгінде республика бойынша жылыжайлардыӊ 46 пайызы - Сарыағашта.

Сарығаш - көкөнiс өндiретін нағыз "фабрикаға" айналуы тиіс. Ол үшін біз еӊ алдымен, дихандарға өнімін сыртқа шығару үшін жағдай жасалу керек. Сол үшін, біз Сарыағаш ауданында Транспорттық-логистикалық орталықтар құруды жоспарлап отырмыз.

Бұл - Елбасыныӊ тапсырмасы. Сонымен қатар, Шымкент пен Түркістанда Транспорттық-логистикалық орталықтары іске қосылады.

Сырдыӊ бойында 80 мыӊ гектар жаӊа суармалы жерлер қосылады. Шардара, Отырар аудандары және Арыс пен Түркістанда жүгері мен көкөністіӊ жаӊа алқаптары игеріледі.

Созақ, Бәйдібек аудандарында мал шаруашылығын дамытатын боламыз.

Түркістан индустриалдық аймағында шұбат зауыты салынбақ. Бұл - экспортқа бағытталған өндіріс.

Түркістан, Арыс, Отырар, Созақтан түйе сүтін жинау пункттері ашылатын болады.

Қой етін экспорттау бойынша жұмыстар қайта қолға алынды. Жақында қой етініӊ алғашқы партиясы Иран Республикасына жолданады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны