01.09.2016, 12:43 3517

Шымкенттіӊ Қапал батыр көшесіндегі жол өткелі 2016 жылғы қараша айында қолданысқа беріледі

Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімініӊ тапсырысымен құны 1 млрд. 142 млн. теӊгеге бағаланған Қапал батыр көшесіндегі теміржол өткелініӊ бір бөлігіндегі құрылыс 95 пайызға аяқталды.

Шымкент. 1 қыркүйек. Kazakhstan Today - Шымкенттіӊ Қапал батыр көшесіндегі жол өткелі 2016 жылғы қараша айында қолданысқа беріледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Қала ?кімі Ғабидолла Ибдірахымов тұрғындарымен кездесу барысында Қапал батыр көшесіндегі жол өткелін қайта құру жұмыстары қыркүйектіӊ 1-не дейін бітетіндігін айтқан, деп хабарлайды ОҚО әкімдігі.

Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімініӊ тапсырысымен құны 1 млрд. 142 млн. теӊгеге бағаланған Қапал батыр көшесіндегі теміржол өткелініӊ бір бөлігіндегі құрылыс 95 пайызға аяқталды.

Қазіргі таӊда құрылысқа жұмсалатын қаржыныӊ 689 млн теӊгесі игерілген. Мердігер "Береке корпарациясы" көпір құрылысыныӊ бір бағытындағы екі қозғалыс жолағыныӊ жұмысын тәмамдаған.

Өткелдегі күрделі жөндеу көрген аумақтыӊ жалпы ұзындығы 170 метр болса, кіре беріс ұзындығы 253 метрді құрайды. Бүгінде жол бөлігіне асфальтбетон жамылғысы төселінген. Сала мамандарыныӊ мәлімдеуінше, көпір құрылысыныӊ еӊ қиын сәттері артта қалған. 2016 жылғы қараша айына дейін өткелдегі құрылыс толығымен аяқталып, қолданысқа берілетін болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны