10.12.2007, 19:31 3543

ШҚО 2008-2010 жылдарға арналған тұрғын-үй құрылысы бағдарламасы дайындалды

ШҚО 2008-2010 жылдарға арналған тұрғын-үй құрылысы бағдарламасы дайындалды

Семей. 10 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысында 2008-2010 жылдарға арналған аймақтық тұрғын-үй құрылыс бағдарлармасы дайындалды. Бұл туралы бүгін агентік тілшісіне ШҚО әкімшілігінің баспасөз қызметінде хабарлады.

Бағдарламаның басты мақсаттарының бірі - "халықты қол жетерлік баспанамен қамтамасыз етіп, тұрғын-үй мәселесін кешенді түрде шешу" деп түсіндірді баспасөз қызметінде.

Облыс әкімдігінің мәліметтері бойынша, бағдарлама аясында, 3 жылда 381,5 мың шаршы метр баспана тұрғызылып, оның 74,6 мың шаршы метрі - қол жетерлік пәтерлер. 20,9 мың - республикалық бюджет есебінен (коммуналдық) баспана болса, 46 мыңы -облыс бюджетінен қаржыландырылады. Сонымен бірге, аумағы 240 мың шаршы метрлік, жеке тұрғын үй құрылысы жоспарлануда.

"2008-2010 жылдарға арналған бағдарламалардың қаржыландыру мөлшері жергілікті бюджеттердің болжамдық көрсеткіштер аясында тиісті қаржы жылдарында анықталады", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Икімдікте 2005-2007 жылдары тұрғын-үй құрылысын дамыту бағдарламасының орындалу барысы туралы хабарлады. 2005-2006 жылдары бағдарлама аясында,156,06 мың шаршы метр баспана, онымен бірге 22,742 мың шаршы метр коммуналдық тұрғын үй Өскеменде, Семейде, Абай, Аягөз, Көкпекті, Бородулиха аудандарында және 133,319 мың шаршы метр несиелік баспана Өскемен және Семейде тұрғызылды.

Басқа қаржы көздері есебінен, 2005-2006 жылдары 288,6 мың шаршы метр тұрғын-үй тапсырылды.

Ал биылғы жылы 12,4 мың шаршы метр көлемінде коммуналдық үйлер пайдалануға берілді. Оның 2 Өскеменде және 4 Шемонайха ауданыны Пуггерово ауылында.

Облыс бюджетінен биылғы жылы "Өскеменде, Улан ауданының Молодежный поселкесінде коммуналдық тұрғын үй құрылысына және Курчатовта тұрғын үйді жөндеуге 207,8 млн теңге бөлінген", - деп хабарлады баспасөз қызметінде.Сондай-ақ бйылғы жылы ипотекалық баспана республикалық бюджеттен 882 млн теңге қарастырылған.

Икімдіктің ақпараты бойынша, жыл аяғына дейін, Өскемен, Семей, Аягөз, Көкпекті, Зайсан аудандарында 28,4 мың шаршы метр баспана тапсырылу жоспарланған.

2007 жылдың 1 желтоқсанында ипотекалық несие жүйесі арқылы баспана алам деушілерден 5878 арыз түсіп, олардың 1986 өзінің төлей алатын қабілетін дәлелдеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны