15.04.2008, 17:32 3098

ШҚО ауыл шаруашылық өндірісшілеріне 2008 жылы бөлінетін субсидиялар мөлшері 4 есеге ұлғайтылады

ШҚО ауыл шаруашылық өндірісшілеріне 2008 жылы бөлінетін субсидиялар мөлшері 4 есеге ұлғайтылады

Өскемен. 15 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылық өндірісшілеріне 2008 жылы бөлінетін субсидиялар мөлшері 4 есеге ұлғайтылады. Бұл туралы баспасөз мәслихатында ШҚО ауыл шаруашылық департаменті директоры Бердібек Слямов мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Биылғы жылы республикалық бюджеттен 4 млрд теңге бөлінді. Ауыл шаруашылық дақылдарын, ет сүт өнімдерін шығару үшін бөлінетін қаржы көлемі төрт есеге ұлғайтылды. Бұл өнімдер бағасының арзандауына әкеледі", - деді Б. Слямов.

Оның сөздері бойынша, бір гектар бидай дақылдарына 660 теңге, майлы дақылдарға 4800 теңге бөлінеді. Отамалы дақылдар көлемі ұлғайтылады.Бірінші рет, жем- шөп, жүгері, жеміс -жидек, картопқа субсидиялар бөлінеді. Бақша және көкөністі шығарумен айналысатындарға бір гектарға 12 мың теңге беріледі.

"ШҚО 215 мың гектар суармалы егіндік алқаптардың тек 52 мыңы пайдаланылып отыр. Биылғы жылы 43 мың гектар пайдалануға беріледі. Жарма, Зайсан, Тарбағатай, Үржар аудандарында гидротехникалық нысандар қалпына келтіріліп, жөндеу жұмыстары жүргізіледі", - деп атап өтті Б. Слямов.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылық департаменті директоры атап өткеніндей, көктемгі егіс жұмыстары толық көлемде жүргізіліп отыр. "Техника мен жанар-жағар май толық көлемде қамтамасыз етілген", -деді Б. Слямов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны