03.02.2014, 21:42 10476

ШҚО сүтті-тауар фермасында малды күту жұмысы автоматтандырылды

"Бізде жаңа технологияларды енгізіп жатқан шаруа қожалықтар бар. Соларды бірі Бобровка ауылында орналасқан, 400 басқа арналған сүтті-тауар фермасы болып табылады.

Алматы. 3 ақпан. Kazakhstan today. Глубоковский ауданындағы сүтті-тауар фермасында малды күту жұмыстары автоматтандырылып, оған 4 оператор қызмет көрсетуде.

"Бізде жаңа технологияларды енгізіп жатқан шаруа қожалықтар бар. Соларды бірі Бобровка ауылында орналасқан, 400 басқа арналған сүтті-тауар фермасы болып табылады. "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасы аясында өрісін кеңге жайған қожалықта өз еркімен сау "Робот" жүйесі, сауға арналған малдарды жыл бойы күту және оларды басқару жүйелері орнатылған. Бұл Қазақстан бойынша барлық жүйесі автоматтандырылған алғашқы ферма. Шаруашылыққа тек 4 оператор қызмет көрсетуде", - деп Глубоковский ауданының әкімі Нұрлыбек Шерубаев ШҚО Ақпараттық орталығына ағынан жарылды.

Сонымен қатар, Н. Шерубаевтың айтуынша, ауданда германиялық технологиямен жабдықталған дәнді тазартатын "PETKUS" зауыты жұмыс істейді.

"Мұндай зауыт тіпті, ТМД елдерінде жоқ. Ол дәндерді тазалайтын заманауи технологиямен жабдықталған. Бір ауысымда 80 тонна сапалы дән тазартылады. Осы техниканың арқасында кәсіпорын аймақтағы ауыл шаруашылық ұйымдарына жоғары сапалы дәнді дақылдарды жеткізіп беруге әзір", - деді аудан әкімі.

Жалпы, 2013 жылы аудандағы шаруашылықтар тұқым өсіру шаруашылығына 400 млн теңгеден астам қаржыны, мал шаруашылығы үшін 294 млн теңгені субсидияға алды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны